thumb|right|200px Химиялық элементтердің периодтық жүйесі (Д.И. Менделеев кестесі) – элементтердің әртүрлі қасиеттерінің атом ядросы зарядына тәуелділігін белгілейтін химиялық элементтердің жіктелу реті.
ПЖ атақты орыс химигі Д.И. Менделеевтің 1869 жылы ашқан периодтық заңының графикалық түрде бейнеленуі болып табылады. Оның бастапқы нұсқасын Д.И. Менделеев 1869-1871 жылдары шығарған еді және бұл нұсқасында элементтердің қасиеттерінің олардың атомдық салмағына (қазіргіше атомдық массасына) тәуелділігін көрсеткен еді.
Периодтық жүйені суреттеудің (аналитикалық қисық сызықтар, кестелер, геометриялық фигуралар және т.с.с.) барлығы бірнеше жүздеген В. М. Потапов, Г. Н. Хомченко «Химия», М. 1982 26-бет (кітабында 400 -ден астам деп айтылады) нұсқасы ұсынылған. Жүйенің қазіргі кездегі нұсқасында элементтерді екіөлшемді кестеге жинақтау қарастырылады. Мұндағы әрбір бағана (периодтық жүйенің тобы) негізгі физика-химиялық қасиеттерді анықтаса, қатарлар периодтық жүйенің периодын құрайды және белгілі мөлшерде бір-біріне ұқсас боп келеді. Периодтық жүйенің бірнеше түрі бар. Оның ішінде жиі қолданылатыны – ұзын (32), қысқа (9) және орташа ұзын (18) түрлері.
Периодтық жүйесінің ашылу тарихы Алғашқы кестеде Д.И. Менделеев әлі ашылмаған бірнеше элементтер бар екенін болжап, оларға кестеде тиісті орын қалдырып, кейбір қасиеттерін күні бұрын айтып берді. Сондай болжанған “экоалюминий” (1875 ж. француз химигі П. Лекок де Буабордан ашқан қазіргі галлий Ga), “экабор” (швед ғалымы Л. Нильсон 1879 ж. ашқан скандий Sc) және “экасилиций” (1886 ж. неміс ғалымы К.Винклир ашқан германий Ge) элементтері кейін ашылды. Сонымен қатар Менделеев марганецке (қазіргі технеций Тс және рений Re), теллурге (полоний Ро), йодқа (астат At), цезийге (франций Fr), барийге (радий Ra), танталға (протактиний Ра) ұқсас элементтердің бар екенін айтқан. Күні бұрын болжанған қасиеттер мен анықталған қасиеттердің дәл келуі Д.И. Менделеевтің периодты заңын дүние жүзі ғалымдарына танытты. Радиоактивтік ыдыраудың (1806), рентген сәулелерінің (1895) ашылуы, неміс физигі М. Планктің сәуле шығарудың кванттық теориясын (1900), ағылшын физигі Э. Резерфордтың атомның планетарлық моделін (1911) жасауы, Н. Бордың атомның құрылыс теориясын ұсынуы (1913) атомның күрделі табиғаты мен периодтық жүйе құрылымының физикалық мәнін түсіндірді. Ағылшын физигі Г. Мозли еңбектерінің нәтижесінде Д.И. Менделеев ұсынған әр элементтің рет нөмерінің оның ядро зарядымен тең болуы, сондай-ақ атомдағы электрондар санының анықталуы, олардың орналасуындағы периодтық заңның тұтастай ішкі сырын ашты. Бор теориясын әрі қарай неміс физигі А. Зоммерфельдтің дамытуы, кейін швейцариялық физик В. Паули принципінің шығуы электрондық әр қабықта орналасу заңдылығын анықтады. Қазіргі элементтердің периодтық жүйесін 126 химиялық элементті қамтиды, олардан трансуран элементтері (Z = 93 – 110) және кейбір элементтер Z = 43 (Tc), Z = 61 (Pm), Z = 85 (At), Z = 87 (Fr) жасанды жолмен алынған. Д.И. Менделеев ПЖ жасағаннан бері оны кеңістікте немесе жазықтықта орналастырудың графиктік әр түрлі нұсқалары ұсынылғанмен, Д.И. Менделеевтің ықшамды қысқа және ұзын периодты кесте түріндегі нұсқасы көбірек қолданылады.
1860 жылы Карлсруэдегі съезде атом-молекулалық ілім мақұлданғаннан кейін ғалымдар элементтерді жүйелеумен айналыса бастады. Алғашқы жүйелеу элементтерді металдар мен бейметалдарға бөлуден басталды. Д.И. Менделеевке дейін элементтерді жүйелеумен Деберейнер, Шанкартуа, Ньюлендс, Мейер сияқты ғалымдар айналысқан. Осы ғалымдардың еңбектерін ескере келе, олардың кемшіліктерін толықтыра отырып, Д.И. Менделеев 1869 жылы өзінің "Химиялық элементтердің периодтық заңын" ұсынды. Алғаш рет бұл заңның негізгі қағидалары 1869 жылы 18 ақпанда "Орыс химия қоғамының" отырысында жарияланды.
Периодтың заңның негізгі қағидалары (1869 жыл):
Элементтерді атомдық салмақтарының өсу ретімен орналастырсақ, олардың қасиеттері периодты қайталанады. Элементтердің қасиеттерін сипаттайтын тұрақты шама – атомдық салмақ;, қасиеттеріне сүйеніп, элементтердің атомдық салмақтарын түзетуге болады. Жаңа элементтер бар, оларды зерттеу керек. Д.И. Менделеев 1871 жылы жасаған кестесінде 12 элементке орын қалдырып, 10 элементтің атомдық салмақтарын түзетіп, атомдық салмақтары 44, 64, 72 болатын элементтердің қасиеттерін аса дәлдікпен болжады.
Периодтың заңның Д.И. Менделеев берген тұжырымдамасы: "Элементтердің қасиеттері, сондықтан да олардан түзілетін жай және күрделі денелердің формасы мен қасиеттері олардың атомдық салмақтарына периодты түрде тәуелді".
Қазіргі кезде периодтық заң келесідей оқылады: "Элементтердің қасиеттері, сондықтан да олар түзетін жай заттар мен күрделі қосылыстардың формасы және қасиеттері элементтің ядро зарядына периодты түрде тәуелді".
Периодтық жүйесінің құрылымы Қазіргі кездегі периодтық жүйеде барлық элементтер рет бойынша нөмірленген. Элементтердің нөмері реттік немесе атомдық нөмір деп аталады. Ол сонымен қатар элемент атомының ядросындағы протондар санына тең. Химиялық элементтердің периодтық жүйесін құрастырудағы негізгі принцип – барлық элементтерді периодтар мен топтарға бөліп орналастыру.
Периодтық жүйенің көптеген нұсқалары бар, кең қолданылатындарына қысқа нұсқа мен ұзын нұсқа жатады.
Периодтық жүйенің қысқа нұсқасында әр топ өз кезегінде негізгі (а) және қосымша (б) топшаларға бөлінеді. Топшалардағы элементтер өзара химиялық қасиеттері жағынан өте ұқсас. Периодтық жүйенің ұзын нұсқасында қатарлар мен топшалар жоқ.
Химиялық элементтердің периодтық жүйесі (қысқа нұсқа)
width="3%" rowspan="2" width="3%" rowspan="2" Топ
аIб аIIб аIIIб аIVб аVб аVIб аVIIб
аVIIIб
1 I 1HСутегі
2HeГелий
2 II 3LiЛитий 4BeБериллий 5BБор 6CКөміртегі 7NАзот 8OОттегі 9FФтор 10NeНеон
3 III 11NaНатрий 12MgМагний 13AlАлюминий 14SiКремний 15PФосфор 16SКүкірт 17ClХлор 18ArАргон
4 IV 19KКалий 20CaКальций 21ScСкандий 22TiТитан 23VВанадий 24CrХром 25MnМарганец 26FeТемір 27CoКобальт 28NiНикель
V 29CuМыс 30ZnМырыш 31GaГаллий 32GeГерманий 33AsКүшән 34SeСелен 35BrБром
36KrКриптон
5 VI 37RbРубидий 38SrСтронций 39YИттрий 40ZrЦирконий 41NbНиобий 42MoМолибден 43TcТехнеций 44RuРутений 45RhРодий 46PdПалладий
VII 47AgКүміс 48CdКадмий 49InИндий 50SnҚалайы 51SbСүрме 52TeТеллур 53IЙод
54XeКсенон
6 VIII 55CsЦезий 56BaБарий 57-71*- 72HfГафний 73TaТантал 74WВольфрам 75ReРений 76OsОсмий 77IrИридий 78PtПлатина
IX 79AuАлтын 80HgСынап 81TlТаллий 82PbҚорғасын 83BiВисмут 84PoПолоний 85AtАстат
86RnРадон
7 X 87FrФранций 88RaРадий 89-103**- 104RfРезерфордий 105DbДубний 106SgСиборгий 107BhБорий 108HsХассий 109MtМейтнерий 110DsДармштадтий
XI 111RgРентгений 112CnКоперниций 113NhНихоний 114FlФлеровий 115McМосковий 116LvЛиверморий 117TsТеннессин
118OgОганесон
Жоғарғы оксидтері R2O R2O3 RO RO2 R2O5 RO3 R2O7 RO4 Ұшқыш сутегті қосылыстары
[(RH3)x] RH4 RH3 RH2 RH
57LaЛантан 58CeЦерий 59PrПразеодим 60NdНеодим 61PmПрометий 62SmСамарий 63EuЕуропий 64GdГадолиний 65TbТербий 66DyДиспрозий 67HoГольмий 68ErЭрбий 69TmТулий 70YbИттербий 71LuЛютеций
89AcАктиний 90ThТорий 91PaПротактиний 92UУран 93NpНептуний 94PuПлутоний 95AmАмериций 96CmКюрий 97BkБерклий 98CfКалифорний 99EsЭйнштейний 100FmФермий 101MdМенделевий 102NoНобелий 103LrЛоуренсий
- S-элементтер
- P-элементтер
- D-элементтер
- F-элементтер
Химиялық элементтердің периодтық жүйесі (ұзын нұсқа)
Топ →Период↓ 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18
1 1HСутегі
2HeГелий
2 3LiЛитий 4BeБериллий 5BБор 6CКөміртегі 7NАзот 8OОттегі 9FФтор 10NeНеон
3 11NaНатрий 12MgМагний 13AlАлюминий 14SiКремний 15PФосфор 16SКүкірт 17ClХлор 18ArАргон
4 19KКалий 20CaКальций 21ScСкандий 22TiТитан 23VВанадий 24CrХром 25MnМарганец 26FeТемір 27CoКобальт 28NiНикель 29CuМыс 30ZnМырыш 31GaГаллий 32GeГерманий 33AsКүшән 34SeСелен 35BrБром 36KrКриптон
5 37RbРубидий 38SrСтронций 39YИттрий 40ZrЦирконий 41NbНиобий 42MoМолибден 43TcТехнеций 44RuРубидий 45RhРутений 46PdПалладий 47AgКүміс 48CdКадмий 49InИндий 50SnҚалайы 51SbСүрме 52TeТеллур 53IЙод 54XeКсенон
6 55CsЦезий 56BaБарий 57-71*- 72HfГафний 73TaТантал 74WВольфрам 75ReРений 76OsОсмий 77IrИридий 78PtПлатина 79AuАлтын 80HgСынап 81TlТаллий 82PbҚорғасын 83BiВисмут 84PoПолоний 85AtАстат 86RnРадон
7 87FrФранций 88RaРадий 89-103**- 104RfРезерфордий 105DbДубний 106SgСиборгий 107BhБорий 108HsХассий 109MtМейтнерий 110DsДармштадтий 111RgРентгений 112CnКоперниций 113NhНихоний 114FlФлеровий 115McМосковий 116LvЛиверморий 117TsТеннессин 118OgОганесон
57LaЛантан 58CeЦерий 59PrПразеодим 60NdНеодим 61PmПрометий 62SmСамарий 63EuЕуропий 64GdГадолиний 65TbТербий 66DyДиспрозий 67HoГольмий 68ErЭрбий 69TmТулий 70YbИттербий 71LuЛютеций
89AcАктиний 90ThТорий 91PaПротактиний 92UУран 93NpНептуний 94PuПлутоний 95AmАмериций 96CmКюрий 97BkБерклий 98CfКалифорний 99EsЭйнштейний 100FmФермий 101MdМенделевий 102NoНобелий 103LrЛоуренсий
- S-элементтер
- P-элементтер
- D-элементтер
- F-элементтер
Периодтар Период деп сілтілік металдан басталып инертті газбен аяқталатын элементтер тобын айтады. Периодтар көлденең қатарлардан тұрады. Периодтық жүйеде 7 период бар, олар рим сандарымен белгілеген. I, II және III периодтар бір қатардан тұрады және кіші периодтар деп аталады, ал IV, V, VI, VII периодтар екі қатардан тұрады, оларды үлкен периодтар деп атайды. Бірінші периодта 2 элемент, екінші және үшінші периодтарда 8-ден, төртінші мен бесіншіде 18-ден, алтыншыда 32 элемент, жетінші периодта (ол әлі аяқталмаған) 32 элемент бар. Әрбір период, біріншіден басқасы, сілтілік металдан басталып, инертті элементпен (инертті газдармен) аяқталады.
Әр периодта 2, 8, 18, 32 элемент болады. Бірінші периодтың ерекшелігі – онда екі элемент қана: Н мен Не орналасқан. Сутектің сілтілік металдарға да, галогендерге де ұқсайтын ортақ қасиетіне байланысты оны көбіне Іa кейде VІІа топшаға да орналастырады. Екінші периодта 8 элемент ( Lі – Ne) бар. Ол сілтілік металл литийден Lі басталады, одан кейінгі ІІ валентті Ве металл, ал ІІІ валентті В элементтінің металдық қасиеті кеміп, ІV валентті көміртектен бейметалдар басталады, олардың (N, О, F) тотығу дәрежелері теріс. Период инертті газ – неонмен (Ne) аяқталады. Үшінші периодта да 8 элемент орналасқан (Na – Ar). Олардың қасиеттерінің өзгеру сипаты екінші период элементтеріне ұқсас, дегенмен Mg-мен Al-дің Ве-мен В-ға қарағанда металдық қасиеті басымдау, сондай-ақ бейметалдар – P, S, Cl-дың екінші периодтағы “ұқсастардан” айырмашылығы олар өздеріне тән ең жоғары оң валенттіктерін көрсете алады. Менделеев ІІ және ІІІ период элементтерін "типтік элементтер" деп атаған, себебі – олардың бәрі де табиғатта кең таралған элементтер.
Алғашқы І-ІІІ периодтың элементтері негізгі топшаларға (а) ғана кіреді. Қазіргі технологиялар бойынша бұл периодтардың алғашқы екі элементі (сілтілік және сілтілік-жер металдар) Іа, ІІа топшаларды құрайтын s-элементтерден тұрады (кестеде олар қызыл түске боялған), қалған алтауы (B – Ne; Al – Ar) ІІІа, VІІІа топшаларды құрайтын р-элементтерден тұрады (кестеде олар сары түсті). Кіші периодтар деп аталған бұл үш период элементтерінің рет нөмірі артқан сайын атом радиустары кішірейіп, кейінгі атомның сыртқы қабығындағы электрондар саны көбейгенде, олардың ядромен тартылысы артып, атом радиустары сығыла бастайды. Ең үлкен радиус периодтың басында орналасқан сілтілік металға тән. Период бойынша солдан оңға қарай атом радиустарының біршама кішіреюі байқалады. Осындай заңдылық олардың йондарының радиустарының өзгеруінен де байқалады.