Шань Са (фр. Shan Sa, қыт. 山飒, 1972 жылы 26 қазан Бейжің)– қытай текті француз жазушысы. 1972 жылы 26 қазанда Бейжің(Пекин) қаласында дүниеге келген. Өз есімі – Янь Ни(қыт. 阎妮, фр. Yan Ni) . Ең алғашқы жүлдесін 12 жасында балаларға арналған қытай поэтикалық конкурсында алған. 1986-1990 жылдары Бейжің университеті маңындағы лицейде оқыған. Үш өлең кітабы мен новелла жинағын шығарып, 1987 жылы Қытай Жазушылар одағының ең жас жазушысы атанады. Тяньаньмэнь алаңындағы қанды оқиғадан кейін 1990 жылы француз билігінің гранты бойынша Парижге кетеді. Ол жерде әкесі Сорбонна профессоры еді. 1992-1994 жылдары Католик университетінде философия саласын оқиды. 1994-1996 жылдары Бальтюстың хатшысы болады. Суретшінің әйелі Сэцуко мұны жапон мәдениетіне баулиды. Шань Сан бейнелеу өнері және кескіндемемен де айналысады, оның көрмелері Парижде және Нью-Йоркте өткен. Оның кітаптары әлемнің көптеген тілдеріне аударылған.http://www.pen.org/page.php/prmID/758
Туындылары : Француз тілінде 1997 : Porte de la paix céleste Les Quatre vies du saule Le Vent vif et le glaive rapide, өлең кітабы La Joueuse de go (драма) Le Miroir du Calligraphe, кескіндеме, каллиграфия, өлеңдер Impératrice Les Conspirateurs Alexandre et Alestria La cithare nue
Орыс тілінде жарық көргендер «Играющая в го». М.: Текст, 2005. «Врата Небесного спокойствия». М.: Текст, 2006. «Императрица». М.: Олма-Пресс, 2006). «Конспираторы». М.: Текст, 2008. «Александр и Алестрия». М.: Текст, 2008. «Четыре жизни ивы». М.: Текст, 2010. «Обнаженная цитра»
Дереккөздер