Қырғыз қайыңы () – қайыңдар тұқымдасына жататын ағаш. Қырғыз қайыңының жалғыз Отаны бар, ол — Қазақстан. Бұл сирек кездесетiн тал әлемнiң өзге бiрде-бiр елiнде өспейдi. Қазақстанның өзiнде Алматы облысындағы Текес пен Байынкөл өзендерi аңғарында ғана тараған.

Бүгiнде қайыңның бұл түрi Қызыл кiтапқа енгiзiлген. Алайда, бұған қарамастан, жыл сайын ағаш ареалы тарылу үстiнде. Қырғыз қайыңының тағдыры бүгiнде қыл үстiнде десек те болады. Өйткенi ол — Нарынқол ауылы тұрғындарының негiзгi отын көзiне айналған. Биіктігі 2 — 4 м, жалпақ жапырағының ұзындығы 3 — 4 (5) см, ені 1,5 — 3 см, қабығы ақшыл-қызғылт түсті. Аналық сырғасы сопақша (ұзындығы 1,8 см-дей, ені 0,7 см). Мамыр айында гүлдейді. Жемісі — қанатты жаңғақ. Әсемдік үшін де өсіріледі. Тау беткейлеріне топырақ эрозиясына қарсы егіледі. Ал Наурызым және Аманқарағай орманында өсетін өте сирек кездесетін Қырғыз қайыңы қорғауға алынып, Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген.Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5

Ресми дерек көздерiне сүйенсек, соңғы он бес жыл көлемiнде Қырғыз қайыңының өсу аймағы 15-20 пайызға қысқарған. Айталық, 1990 жылы қайың ареалы 225 гектарды құраса, бүгiнде 180 гектарға әзер жетедi.

Қырғыз қайыңы— Алматы облысы Алакөл ауданындағы ауыл, Көлбай ауылдық округінің орталығы. Аудан орталығы — Үшарал қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 5 км жерде, Лепсі өзенінің оң жағалауында. Тұрғыны 1,3 мың адам (2003). Ауыл 1992 жылға дейін “Саратовка” деп аталып келген. 1997 жылға дейін Үйгентас ауданына қарады. 1963 — 97 ж. “Саратов” кеңшарының орталығы болды. Оның негізінде 1997 жылдан Қаазақстанда ЖШС және бірнеше шаруа қожалығы құрылды.Қазақстан энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Қайың тұқымдасы Санат:Қазақстан табиғаты Санат:Қазақстанның Қызыл кітабына енген өсімдіктер