Қуат Әшірбекұлы Әбусейітов (6 желтоқсан, 1925 жыл, Павлодар – 23 қазан 2003 жыл) — кинорежиссер, қазақ кино аудару өнерінің негізін қалаушылардың бірі. Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері (1975).
Өмірбаяны Арғын тайпасының Сүйіндік руы күлік бөлімінен шыққан.Тілеке Жеңіс, Шежіре. Ертіс-Баянауыл өңірі, 1995, ISBN 5-615-0177553-8. Павлодар Дауа-Қазақстан
Білімі Алматы киноактерлер мектебін 1947 жылы бітірген. Бүкілодақтық мемлекеттік кино институтын 1958 жылы, Г. Рошаль мен С. Юткевичтің шеберханасында бітірген.
Қызмет жолы Киноактерлер мектебінде оқи жүріп, Алматы көркем және хроникалық-деректі фильмдер студиясының киноаударма бөлімінде жұмыс істеді. Осы кезден бастап киноаудару өнерінің техникалық, көркемдік сапасына назар аударды. 1990 жылы “Айтуар” атты деректі фильмдер түсіретін студия ашты.
Фильмдері Аударған фильмдері “Варяг крейсері” Мәскеуде оқып жүргенде өзінің тұңғыш жұмысы — “Жас гвардия” фильмін қазақ тілінде сөйлетті. Содан бері 500 ден астам фильмді қазақша сөйлетті. Олардың ішінде “Автомобильден сақтаныңыз” “Гамлет” “Нақұрыс” “Король Лир” “Рүстем туралы аңыз” т.б. кинофильмдер бар. Түсірген көркем фильмдері “Даладағы қайың” (1957) “Мазасыз көктем” (1958) “Дауыл” (1959) “өмір жолы” (1960) “Алматы көктемі” (1962) “Найзатас бөктерінде” (1969) “Ақын арманы” (1986–1987, екі сериялы видеофильм; Д. Әбіловпен бірігіп сценарийін жазған) көркем фильмдері
Түсірген деректі фильмдері “Сераға” (1974) “Бәрі сен үшін” (1976, Е. Серкебаев жайлы) “Ғалым ауылында ” (1990, Сәтбаев жайлы) “Тер сіңген жер” (1991) “Жүсіпбек Аймауытов” (1992) деректі фильмдерді, көптеген хроникалық фильмдер түсірген.
Кітаптары “Сыр сандық” атты естеліктер кітабы жарық көрген.Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8
Дереккөздер
Санат:6 желтоқсанда туғандар Санат:Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткерлері Санат:Бүкілресейлік мемлекеттік кинематография институты түлектері