2024 жыл әлемдегі ірі қақтығыстардың жалғасуымен ерекшеленді: Ресейдің Украинаға басып кіруі, Газадағы соғыс, Мьянмадағы азамат соғысы, Судандағы азамат соғысы және тағы басқа.

2024 жылы шамамен төрт миллиард адам тұратын дүние жүзінің 76 шақты мемлекетінде ұлттық сайлау өтті. Сайлайтын елдер тізімінде халқы ең көп 10 елдің сегізі (Америка Құрама Штаттары, Бангладеш, Бразилия, Индонезия, Мексика, Пәкістан, Ресей және Үндістан), Франция мен Ұлыбритания бар. 2024 жылы оған қоса Еуропа парламентіне сайлау жүрді.

Оқиғалар Қаңтар 1 қаңтар Мысыр, Эфиопия, Иран, Сауд Арабиясы және Біріккен Араб Әмірліктері БРИКС құрамына кірді. Таулы Қарабақ аймағы Әзербайжан құрамына қайта кірді де, Арцах Республикасы ресми түрде ыдырады. Жапонияның батыс жағалауында 7.5 Mww деңгейлі ірі жер сілкінісі орын алды, нәтижесінде 126 адам қайтыс болды, 611 адам жарақат алды. Эфиопия Сомалилендпен Бербера портын пайдалану туралы келісімге келгенін жариялады. Эфиопия сонымен бірге Сомалилендтің тәуелсіздігін мойындайтын бірінші ел болатынын айтады. 2 қаңтар – Маршалл аралдарында жалпы сайлау өтті. Маршалл аралдарының заң шығару жиналысы Хильда Хайнды президент болып сайлады. 3 қаңтар – Кермандағы лаңкестік әрекет: Қасым Сүлейманиның өлтірілу «мерейтойына» Керман, Иранда Ислам мемлекеті бомбалауы нәтижесінде 89 адам қайтыс болды. 7 қаңтар – Бангладеште жалпы сайлау өтті. Оппозициялық партияның наразылығына және дауыс беруге келгендер санының күрт төмендеуіне қарамастан Хасина Шайһ Уазед басқарған Авами лиг партиясы сайлауда төртінші рет қатар жеңіске жетті. 8 қаңтар – Эквадордағы қарулы қақтығыс: Лос Чонерос атты картель басшысы Хосе Масиас Вильямар түрмеден қашып кетті. Эквадор президенті Даниэль Нобоа елде төтенше жағдай жариялады. Көшелерге, түрмелерге әскерилер жіберілді. 11 қаңтар Папуа — Жаңа Гвинеяда есептеу кезінде болған болжалды қателік нәтижесінде полицейлер мен сарбаздардың жалақысы берілмей қалды, елде ереуіл басталды. АҚШ хуситтер қозғалысына тауар тасымалдап жатқан ирандық дауды басып, кейін батады. Операция нәтижесінде кеменің бүкіл экипажы ұсталған, екі SEAL теңізде жоғалған. 12 қаңтар – Өркендеу күзетшісі операциясы: Хуситтердің Қызыл теңіздегі кемелерге шабуылына жауап ретінде АҚШ бастаған коалиция хуситтердің Йемендегі базаларына әуе шабуылын ұйымдастырды. 13 қаңтар – Тайваньда президент сайлауы өтті. Демократиялық ілгерішіл партияның үміткері Лай Циндэ жалпы дауыстың 40% жинады да, жеңіске жетті. 14 қаңтар Таққа отырғанына 52 жыл болған күні Дания патшайымы II Маргрете тақтан бас тартты, оның орнына таққа кронпринц Фредерик отырып, ол X Фредерик атанды. 2024 жылғы Комор аралдарындағы президент сайлауы: халықтың тек 16.3% қатысқан сайлау нәтижесінде халық наразылығына қарамастан президент Азали Ассумани 62.9% дауыспен қайта сайланды. 15 қаңтар – Бернардо Аревалоның Гватемала президенті болып ұлықтауы. 19 қаңтар – Жапония SLIM миссиясының көмегімен Айға баяу қондыру жасаған бесінші ел болды. 22 қаңтар – Джозеф Бокайдың Либерия президенті болып ұлықтауы. 24 қаңтар – Белгород облысындағы Ил-76 апаты: ресейлік Ил-76 әскери транспорт ұшағы Короча ауданында құлады. Ресей мәліметінше ішінде болған барлық адам, соның ішінде 65 украиналық әскери тұтқын, экипаждың 6 мүшесі және 3 күзетші, қайтыс болды. 26 қаңтар Газадағы соғыс: БҰҰ Халықаралық әділет соты Израильдің Газадағы геноцидтік әрекетіне жол бермегенін және палестиналықтарға қауіпсіздік бергенін талап етті, алайда әскери операцияның тоқтатылуын талап еткен жоқ. Тувалуда жалпы сайлау өтті. 28 қаңтар – Финляндиядағы президент сайлауының 1-айналымы өтті. 31 қаңтар – Джохор сұлтаны Ибраһим Исмаил Малайзияның 17-Янг ди-Пертуан Агонг тағына отырды.

Ақпан 4 ақпан Намибия президенті Хаге Гейнгоб қайтыс болды; орнын вице-президент Нанголо Мбумба алды. Сальвадорда жалпы сайлау өтті. 7 ақпан – Әзербайжандағы президент сайлауы: Оппозицияның наразылығына қарамастан, президент Ильхам Әлиев бесінші рет қайта сайланды. 8 ақпан – Пәкістанда жалпы сайлау өтті. Нәтижесінде Ұлттық ассамблея мандаттарының көбісін Партиясыз саясаткерлер жеңіп алды. Партиясыздардың көбі тыйым салынған Әділет үшін қозғалыстың бұрынғы мүшелері болған. 11 ақпан – 2024 жылғы Финляндиядағы президент сайлауы: Екінші айналым нәтижесінде президент болып Александр Стубб сайланды. 14 ақпан – 2024 жылғы Индонезиядағы жалпы сайлау: Үкіметтік табуляторлардың ресми жылдам санауы бұрынғы әскери офицер Прабово Субиантоны наурыз айында шығарылатын түпкілікті нәтижелерге дейін президенттік сайлаудың жеңімпазы деп таныды. 16 ақпан – Харптағы түрмеде ресейлік оппозиционер Алексей Навальный қайтыс болды. 22 ақпан – америкалық Intuitive Machines компаниясының Nova-C қонушысы Айға қонған алғашқы коммерциялық көлік болды. 23 ақпан – Армения өзінің ҰҚШҰ-дағы мүшелігін де-факто уақытша тоқтатты. 25 ақпан – Беларусьтегі парламент сайлауы нәтижесінде биліктегі Белая Русь партиясы мандаттың көпшілігіне ие болды.

Наурыз нобай|Теракт салдарынан қираған Крокус Сити Холл концерт залы 1 наурыз Қазақстан бірыңғай уақыт белдеуіне (UTC+5:00) көшті. Иранда парламент сайлауы өтті. 7 наурыз – Швеция ресми түрде НАТО құрамына енді де, оның 32-мүшесі болды. 11 наурыз – Гаити президенті және премьер-министрі Ариэль Анри елдегі қылмыскер топтарының өзара соғысы деп сипатталатын дағдарыс жағдайында екі лауазымнан да отставкаға кететінін хабарлады. 13 наурыз – Еуропа Одағы «Одақтың жасанды зият жайлы регламенті» атты жасанды зиятқа арналған әлемдегі алғашқы толық құқықтық және реттеуші заңды қабылдады. 15–17 наурыз – Ресейде сегізінші президент сайлануы жүрді. Нәтижесінде Владимир Путин бесінші рет қайта сайланды. 22 наурыз – Ресейдің Красногорск қаласындағы Crocus City Hall залында Ислам мемлекеті ұйымына қатысы бар қарулы адамдар концертке келушілерге шабуыл жасап, кем дегенде 137 адамды өлтіріп, 182 адамды жаралады. 25 наурыз – БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі Газада «тез арада атысты тоқтатуды» және барлық кепілге алынғандарды дереу және сөзсіз босатуды талап ететін қарар қабылдады. 31 наурыз – Болгария мен Румыния теңіз және әуе жолдары арқылы Шенген аймағының құрамына кірді.

Сәуір нобай|Ұлы аятолла Әли Хаменеи Израильдің Дамаскідегі Иран консулдығына жасаған соққысы салдарынан қаза тапқан жеті адамға жаназа намазын оқып жатыр. 1 сәуір – Израиль Иранның Дамасктағы елшілігіне шабуыл жасайды да, нәтижесінде 16 адам қаза тапты. 6 сәуір – Словакиядағы президент сайлауы нәтижесінде Словакия президенті болып Петер Пеллегрини сайланды. 10 сәуір Оңтүстік Кореядағы парламент сайлауы: Демократиялық партия мен 176 мандат жеңіп алды. Қызметтегі президент Юн Сок Ёльге байланысы бар Халық күші мен тек 108 мандатқа ғана ие болды. Айдың басында орын алған Израильдің Дамаскідегі Иран елшілігін бомбалауынан кейін Иран Израильге жауап соққыларын бастады. 25 сәуір – Гаити президентінің міндетін атқарушы және премьер-министр Ариэль Анри отставкасынан кейін өтпелі президенттік кеңес Гаити мемлекетінің жаңа басшысы ретінде билікті өз қолына алды.

Мамыр нобай|Иран президенті Ибраһим Раисимен қоштасу рәсімі, оның тікұшақ апатында қаза болуынан кейін. 5 мамыр – Панамадағы жалпы сайлау нәтижесінде президент болып Хозе Рауль Мулино сайланды. 7–11 мамыр – Швецияның Мальмё қаласында Eurovision ән байқауы 2024 өтті. Нәтижесінде швейцариялық Nemo рэпері «The Code» әнімен жеңіске жетті. 10 мамыр – БҰҰ Бас Ассамблеясы Палестина мемлекетіне алфавиттік тәртіппен мүше мемлекеттердің арасында тұру құқығын беру үшін дауыс берді. Бұл БҰҰ Бас Ассамблеясының 2024 жылғы 10 қыркүйекте өтетін келесі сессиясында күшіне енеді. 13 мамыр – Бишімбаев ісі нәтижесінде Қуандық Уәлиханұлы Бишімбаев 24 жылға бас бостандығынан айырылды. 14 мамыр – Құлсарыда сол жылғы су тасқыны үшін өтемақыға қарсылар наразылық шараларын бастады. 15 мамыр – Словакия премьер-министрі Роберт Фицоға қастандық жасалды. 19 мамыр Әзербайжан-Иран шекарасына жақын жерде тікұшақ апатқа ұшырап, Иран президенті Ибраһим Раиси мен Иран Сыртқы істер министрі Хусейн Әмір Абдоллахиян, тағы жеті жолаушы мен экипаж қаза тапты. Кейбір болжамдар бойынша Кристиан Маланга басқарған Конго Демократиялық Республикасындағы мемлекеттік төңкеріс әрекеті Киншасадағы толқуларға әкелді. Үкімет сарбаздары тез арада араласып, төңкеріс басшыларын тұтқындап, тыныштық орнатты. 20 мамыр – Халықаралық қылмыстық соттың бас прокуроры Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху мен Газадағы Хамас жетекшісін әскери қылмыс жасады деген айыппен қамауға алуға ордер беруді сұрады. 24 мамыр БҰҰ-ның халықаралық соты Израильдің Газа секторының оңтүстігіндегі Рафақтағы әскери шабуылын тоқтатқанын талап етті. Папуа — Жаңа Гвинеядағы ірі көшкін кесірінен 2,000 астам адам көз жұмды. 26 мамыр – 2024 жылғы Литва президентін сайлау: қызметте болған президент Гитанас Науседа қайта сайланды. 29 мамыр – Оңтүстік Африка Республикасындағы жалпы сайлау: Оңтүстік Африка Республикасының демократиялық тарихында Африкалық ұлттық конгресс тұңғыш рет дауыстың көпшілігіне ие болды. 30 мамыр – АҚШ бұрынғы президенті Дональд Трамп порно актриса Сторми Дэниэлске берген параға және басқа да айыптарға қатысты сот процесінде 34 тармақ бойынша кінәлі деп танылды. Ол төрт жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Маусым 1 маусым 19 сәуірде басталған Үндістандағы жалпы сайлау аяқталды. Исландиядағы президент сайлауы орын алды, нәтижесінде Хадла Тоумасдоуттир президент болды. 2 маусым – Мексикадағы жалпы сайлау нәтижесінде Клаудия Шейнбаум Мексиканың тұңғыш әйел президенті болды. 6–9 маусым – Еуропалық парламент сайлауы өтті. 12 маусым – Біріккен Ұлттар Ұйымының 7 қазандағы шабуылдарға және одан туындаған қақтығыстарға қатысты алғашқы тергеуі Израиль мен Хамастың соғыс қылмыстарын жасағанын анықтады. 12 маусым–15 шілде – Германияда Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионаты өтті. 23 маусым Сауд Арабиясының Мекке қаласында жыл сайынғы қажылық кезінде қатты ыстықтан 1300-ден астам адам қаза тапты делінеді. Ресейдегі Дағыстанның Махачқала мен Дербент қалаларында екі түрлі шабуыл орын алған, нәтижесінде 20-ға жуық адам қайтыс болды. 24 маусым – WikiLeaks негіздеушісі Джулиан Ассанж кінәсін ішінара мойындауға келіседі де, британдық түрмеден шығып, АҚШ-тың Солтүстік Мариана аралдарына жеткізілді. Ол тыңшылық жасады деген айыптардың біріне кінәсін мойындады да, екі күннен кейін Отаны Аустралияға жеткізілді. 26 маусым – Боливияда Хуан Хосе Суньига әскери төңкеріс жасайын деді, бірақ ол сәтсіз шықты. 30 маусым–7 шілде – Франциядағы парламент сайлауы орын алды.

Шілде нобай|320x320 нүкте|Эйфель мұнарасындағы олимпиадалық сақиналар 4 шілде – Ұлыбританиядағы жалпы сайлау: Кир Стармер Лейбористік партияны ірі жеңіске жеткізеді де, партия 14 жылда тұңғыш рет үкіметке оралды. Премьер-министр Риши Сунак өз қызметін аяқтайды. 5 шілде – Ирандағы президент сайлауы: Масуд Пезешкиан Иран президенті болып сайланды. 7 шілде – Франциядағы президент сайлауы: солшыл Жаңа халықтық майдан Ұлттық жиналыстағы мандат көпшілігіне ие болды. 9–11 шілде – Вашингтонда 33-НАТО саммиті орын алды. 13 шілде – 2024 АҚШ президент сайлауы үшін кампаниялаған Дональд Трампқа митинг кезінде Батлер, Пенсильванияда қастандық жасалды. 15–16 шілде – Руандадағы жалпы сайлау: Поль Кагаме қайта сайланды. 21 шілде – қызметтегі АҚШ президенті Джо Байден қайта сайланудан бас тартты. 26 шілде–11 тамыз – Париж, Францияда 2024 жылғы Жазғы Олимпиада ойындары өтуде. 28 шілде – Венесуэладағы президент сайлауы: президент Николас Мадуро сайлаудағы жеңісін жариялады. Нәтижесінде Оңтүстік Американың көптеген елдерінің сайлау нәтижелерін мойындаудан бас тартты және Мадуро үкіметімен дипломатиялық қарым-қатынастар тоқтатылдым және жалпыұлттық наразылықтар туды. 29 шілде – Израиль Бейрут қаласының маңындағы Дахие ауданында шабуыл жасап, Мадждаль-Шамсқа жасалған шабуылға тапсырыс берді деп айыпталған Хизбуллаһ қолбасшысы Фуад Шукрдің өлтірілгенін жариялады. 30 шілде – Үндістанның Керала штатындағы Ваянад ауданындағы көшкін салдарынан кемінде 334 адам қаза тауып, 200-ден астам адам жараланып, 281 адам із-түзсіз жоғалып кетті.