Алтыншоқы – Ұлытау тау жүйесінің батысындағы жеке тау массиві. Алтыншоқыда 1391 жылы Әмір Темір Тоқтамыс ханды шабуға бара жатқан жолындағы тоқтаған жерінде тас белгі (Ақсақ Темірдің тасы) қалдырған.
Географиялық орны Ұлытау облысы Ұлытау ауданы Сарлық ауылының батысында 12 км жерде Жетіқыз өзенінің оң жағасында, биіктігі 453 м оқшау тұрған шоқы. Ұзындығы 3-4 км, ені 2 км-дей.
Өсімдігі Өзен жағалауларында қайың, бұта, тау бөктерінде тобылғы, арша өскен.Қазақстан Республикасының табиғаты, 7 том;
Дереккөздер
Санат:Ұлытау ауданы таулары