Оқиғалар

Қаңтар 1 қаңтар - Жапон императоры Хирохито өзінің "Нингенг-сенген" декларациясында өзінің құдайлығынан бас тартты. 10 қаңтар - БҰҰ Бас Ассамблеясының бірінші сессиясы ашылды.

Ақпан

15 ақпан - Гузенко ісі: Канада Оттавадағы кеңес елшілігінде орналасқан және Кеңес одағына атом бомбасының сызбаларын таратқан канадалық коммунистік тыңшылар желісінің ашылғанын хабарлады .

Наурыз 3 наурыз - Жапон империясының әскери қылмыскерлеріне қатысты Токио процесінің басталуы. 5 наурыз - Қырғи қабақ соғыстың ресми басталуы.

Сәуір 18 сәуір - Ұлттар лигасы өз өкілеттіктерін БҰҰ-ға берді. 19 сәуір - Францияның Құрылтай жиналысы Конституция жобасын мақұлдады.

Мамыр 7 мамыр - Токиода Sony компаниясы құрылды.

Маусым 1 маусым - Қазақ КСР Ғылым Академиясының ашылуы. 2 маусым - Италиядағы референдумда дауыс беруге қатысқандардың шамамен 55% - ы монархияны жоюды жақтады. 18 маусым - Италия референдум қорытындысы бойынша республика болып жарияланды. 22 маусым - Қазақстан КП ОК бірінші хатшысы болып Шаяхметов Жұмабай тағайындалды.

25 маусым - Халықаралық Қайта Құру және даму банкі (ХҚДБ) (Дүниежүзілік банк) өз қызметін бастады.

Шілде

29 шілде - Екінші дүниежүзілік соғыстың қорытындысы бойынша Париж бейбіт конференциясы ашылды.

Тамыз

16 тамыз - Оңтүстік Күрдістанда Күрдістан демократиялық партиясы құрылды.

Қыркүйек 10 қыркүйек - Токиода Amada компаниясы құрылды.

Қазан

13 қазан - Франция төртінші республиканың конституциясын қабылдады. 15 қазан – Нюрнберг процесі: Герман Геринг , гестапоның негізін қалаушысы және нацисттік әскери қылмыскер, жоспарланған өлім жазасынан екі сағат бұрын өзін улады.

Қараша

15 қараша - Линггаджат келісіміне сәйкес Нидерланд мемлекеті Индонезия Республикасының тәуелсіздігін мойындады.

Желтоқсан 11 желтоқсан - БҰҰ Бас Ассамблеясы Нюрнберг трибуналының Жарғысымен танылған халықаралық құқық принциптерін растады.

Туғандар Тағы қараңыз: :Санат:1946 жылы туғандар

Қайтыс болғандар Тағы қараңыз: :Санат:1946 жылы қайтыс болғандар

Тағы қараңыз

Түсініктемелер

*