Роман Борисович Сапожников (1937, Украина). Геология-минералогия ғылымдарының докторы (1993). Оңтүстік Қаражамбас және Құмкөл кен орындарын тұңғыш ашушы. Ортаазия политехникалық институтын бітірген (1959). 1959-1998 - Тұрлан геофизика экспедициясының инженер-интерпретаторы, аға инженері, бас инженері, сейсмопартия бастығы, бөлімнің аға геофизигі, бас геологы, «Геофизика» МХК «Тұрлангеофизика» АҚ бас геологы, «Геотекс» АҚ интерпретация және маркетинг бөлімінің бастығы. 1998 жылдан "Харрикейн" компаниясының Орталық Азияны барлау жөніндегі директоры.Қазақстанның мұнай энциклопедиясы. 2 томдық - Алматы: "Мұнайшы" Қоғамдық қоры, 2005. ISBN 9965-9765-1-1
Дереккөздер
Санат:Қазақстан мұнайшылары Санат:Тұлғалар