Бектілеуов Айқожа (1906 - 1950, Атырау облысы). 1921-1950 жылдары — Доссор, Ескене мұнай өндіру кәсіпшіліктерінде оператор көмекшісі, мұнай өндіру операторы, Қосшағылмұнай және Құлсарымұнай мұнай өндіру басқармаларында ұңғыма ларды жер асты жабдықтарын жөндеу бригадасында оператор, бригада шебері. «Құрмет Белгісі» орденімен және медальдармен марапатталған. Қазақстанның мұнай энциклопедиясы. 2 томдық - Алматы: "Мұнайшы" Қоғамдық қоры, 2005. ISBN 9965-9765-1-1 Дереккөздер