Николай Александрович Калинин (1911–1996, Ресей). Геология-минералогия ғылымдарының докторы (1962), Лениндік сыйлықтың лауреаты (1966). Мәскеу мұнай институтын бітірген (1934). 1934-1954 жылдары - Қазақстан мұнай саласының әр түрлі инженерлік-техникалық қызметтерінде жұмыс істеген, соның ішінде 1942-1954 жылдары - «Қазақстанмұнай» бірлестігінде бас геолог, 1954-1964 жылдары - КСРО Мемлекеттік геология комитеті мен КСРО Геология мен жер қойнауын қорғау миинстрлігі мұнай мен газ бөлімінің бастығы. 1964-1969 жылдары - БҰҰ-ның эксперті, Үндістандағы мұнай мен газ геологиясы жөніндегі кеңесші. 1969- 1978 жылдары - Герман Демократиялық республикасындағы мұнай мен газ іздеу және барлау жөніндегі кеңесші. 1978 жылдан - Мәскеу ГЗИ жұмыс істеген. Үкіметтік мадақтамалармен марапатталған.Қазақстанның мұнай энциклопедиясы. 2 томдық - Алматы: "Мұнайшы" Қоғамдық қоры, 2005. ISBN 9965-9765-1-1
Дереккөздер
Санат:Мұнайшылар