Вильгельм Муберг (швед. VilhelmMoberg) (20 тамыз 1898 жыл – 8 тамыз 1973 жыл) – швед жазушысы, драматург және журналист.
XIX ғасырда Смоландтан Миннесотаға (АҚШ) көшкен швед кедейлері туралы жазған «Келімсектер» (Utvandrarna) атты романымен көпке танымал болады. Швед қаласы Векшёде Мубергке арнап ескерткіш орнатылған.
Негізгі романдары: «Раскендер» (Raskens) – 1927 «Тәртібі нашар» (Sänktsedebetyg) – 1935 «Бізге жер беріңдер!» (Givossjorden!) – 1939 «Түнде болған бәйге» (Rid i natt) – 1941 «Сынған қаруы бар сарбаз» (Soldatmedbrutetgevär) – 1944 «Келімсектер» (Utvandrarna) – 1949 «Швецияға соңғы хат» (SistabrevettillSverige) – 1959
Дереккөздер
Санат:20 тамызда туғандар Санат:1898 жылы туғандар Санат:8 тамызда қайтыс болғандар Санат:1973 жылы қайтыс болғандар Санат:Швеция жазушылары Санат:Швеция драматургтері Санат:Швеция журналистері