thumb|right Ақжайық шипажайы — Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданындағы елді мекен, ас қорыту, қан айналымы ағзаларын, эндокриндік жүйе, аяқ, қол, буын, жүйке жүйесі ауруларын емдеуге арналған шипажай, Ақжайық ауылдық округі құрамында.

Географиялық орны Жайық өзенінің сол жақ жағалауында, аудан орталығы - Теректі ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 53 км-дей, облыс орталығы - Орал қаласынан оңтүстікке қарай 32 км-дей жерде орналасқан.

Сипаты 1985 жылы ашылған. 160 емдеу орны бар (1997). Жыл бойы жұмыс істейді. Орташа ауа температурасы: қаңтарда — 14°С, шілдеде 22,6°С. Жауын-шашын мөлшері 305 мм. Күн жылына орта есеппен 2359 сағат ашық болады. Ем ретінде денсаулыққа қолайлы климатпен қатар хлор, магний, натрий, темір, аммоний аралас минералды су пайдаланылады. Сонымен қатар парафинмен емдеу, аппаратты физиотерапия әдістері, емдік дене шынықтыру қолданылады. Санаторийдің 10 орындық бальнеологиялық емханасы бар.Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 ISBN 9965-607-02-8

Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 173 адам (85 ер адам және 88 әйел адам) болса, 2009 жылы 142 адамды (71 ер адам және 71 әйел адам) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том

2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 210 адамды (106 ер адам және 104 әйел адам) құрады.2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары

Дереккөздер

Санат:Теректі ауданы елді мекендері