Ескене — Атырау облысы, Мақат ауданы құрамында болған мұнайшылар ауылы, Ембінің ең көне мұнай кәсіпшіліктерінің бірі. 2013 жылы таратылған. Атырау қаласының солтүстік-шығысында, 60 км жерде орналасқан.
Тарихы Құрылуы және дамуы 1932 жылы ашылған Оңтүстік Ескене кен орнының негізінде 1934 жылы іргесі қаланды. 1932-1934 жылдары қалыптасып дами бастады, дизельдік электр станциясы, Ескене-Байшонас жоғарғы вольтті электр желісі, ұзындығы 80 км су құбыры, ұзындығы 18,5 км тар табанды темір жол, тәуліктік қуаты 25 т-лық шағын мұнай айдау зауыты, тұрғын үй және мәдени-тұрмыстық нысандар салынды. Соғыс кезінде мұнай кәсіпшілігінің жетістіктері кеңінен белгілі болды, кәсіпшілік Отан қорғау комитетінің Қызыл Туымен марапатталды. Мұнда мұнайшы-стахановшы, бірінші шақырылған КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты Сабырғали Зорбаев жұмыс істеді. Кенорынды пайдалану басталған кезден 1998 жылдың басына дейін 1162 мың т мұнай өндірілді, мұнай өндіруші 41 ұңғыма болды.
Инфрақұрылымы Ауылда сегізжылдық мектеп, фельдшерлік-акушерлік пункт т.б. болды. Тұрғындары көрші елді мекендермен темір жол және автомобиль жолы арқылы қатынаған болатын.
Таратылуы Ауыл 2008 жылға дейін кент статусында болғанМақат ауданының кейбір кенттерін село санатына жатқызу туралы. Кейін 2013 жылы Солтүстік Каспий аймағында ірі кен орынының ашылуына байланысты ауыл таратылып, тұрғындары Атырау қаласына және Махамбет ауылына көшірілген болатынАтырау облысы Мақат ауданының Ескене және Байшонас елді мекендерін тарату туралы.
Халқы Тұрғыны 1999 жылы 0,5 мың адам болса, 2009 жылы 528 адамды құраған болатын[stat.gov.kz/getImg?id=WC16200032719 - 2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том].
Дереккөздер
Санат:Мақат ауданының таратылған елді мекендері Санат:2013 жылы таратылған елді мекендер Санат:Қазақстанның бұрынғы кенттері