Айтау – Шу-Іле тауларының солтүстік-шығыс сілемі.
Географиялық орны Жамбыл облысы жерінде. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 150 км-ге созылып жатыр. Ендірек жері 60 км. Ең биік жері – 819 м.
Геологиялық құрылымы Каледон-герциндік тау құралу процесінде қалыптасқан. Негізгі дені палеозойдың гнейстерінен, кристалды тақтатастан, каледондық граниттен түзілген. Солтүстік беткейі көлбеу, оңтүстігі қырқалы төбе болып келеді.
Өсімдігі Таудың карбонаты аз саздақты бозғылт топырағында жусан өседі. Кейбір тұстарында ши шоғырлары кездеседі.АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5
Дереккөздер
Санат:Шу ауданы таулары