Вангари Маатаи (; сәуірдің 1 1940 — қыркүйектің 25 2011Kenya's Nobel laureate Wangari Maathai dies aged 71) — Кениялық биолог, қоғам қайраткері, 2004 жылғы Нобель бейбітшілік сыйлығының иегері. thumb|right|Маатаи, Вангари Мамандығы бойынша биолог Вангари Маатаи қоршаған ортаны қорғау белсендісі әрі құқыққорғаушы ретінде жұртшылыққа танымал болды. Ол Африка құрлығын шөл далаға айналудан сақтап қалуға бағытталған ондаған миллион ағаш отырғызу науқанын басқарып, "Жасыл белдеу" қозғалысының негізін қалады. Кения парламентінің мүшесі болып сайланды.
2004 жылы Вангари Маатаи Африка әйелдерінің арасынан тұңғыш рет Нобель бейбітшілік сыйлығына ие болған еді. Ол қатерлі ісік дертімен ауырған. Кенияның астанасы Найроби қаласындағы ауруханада 71 жасында Вангари Маатаи қайтыс болды. Нобель сыйлығының иегері кениялық Вангари Маатаи өмірден өтті Дереккөздер
Санат:1940 жылы туғандар Санат:Кения тұлғалары Санат:2011 жылы қайтыс болғандар Санат:Қатерлі ісік дерті Санат:Бейбітшіліктен Нобель сыйлығының иегерлері