Мақсат Ермекұлы Серікбаев 1974 жылы 2 тамызда Павлодар облысы Ертіс ауданының Голубовка ауылында туған. Қазақ. Әкесі - Серікбаев Ермек Кәкімұлы, зейнеткер, электрик, бас инженер болған. Анасы - Серікбаева Бәдиша Әлжанқызы, зейнеткер, балабақша тәрбиешісі, қосалқы станцияларға қызмет керсетуші электрмонтер болып жұмыс істеген. Ермак энергетикалық техникумының құрылыс факультетін (1993) техник-құрылысшы мамандығы бойынша; С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің құрылыс факультетін (1998), инженер-құрылысшы мамандығы бойынша бітірген. Қазақ және орыс тілдерін біледі. 2000 жылдан - «ҚОҚ» (Құрылыс нысандарының құрылысы) ЖШС шебері, 2001 жылдан - жұмыстарды атқарушысы, 2002 жылдан - бас инженері. 2004 жылдан - жеке кәсіпкер. 2006 жылдан бері - «КагҚұрылысЖоба-ПВ» ЖШС директоры. Әскери атағы - аға лейтенант. Үйленген. Жұбайы - Серікбаева Дариға Ораққызы (1974 ж. т.), үй шаруасымен айналысады. Ұлы – Серікбаев Темірлан Мақсатұлы (1997 ж. т.); қыздары – Серікбаева Айша Мақсатқызы (2004 ж. т.), Серікбаева Әмина Мақсат қызы (2008 ж. т.).Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011 жыл. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2

Дереккөздер

Санат:Тұлғалар Санат:Қазақстан мұнайшылары

Санат:1974 жылы туғандар