Балуан Шолақ атындағы спорт және мәдениет сарайы – спорттық-мәдени кешен.

Орналасқан жері Алматы қаласы, Абай және Байтұрсынов даңғылдары қиылысы.

Тарихи деректер, сипаты Балуан Шолақ атындағы спорт сарайы 1967 жылы Қазанның 50-жылдығы атындағы спорт сарайы ретінде ашылды. Алма-Ата қаласына мұндай статусты нысан өте қажет еді, сол себепті Қазақ КСР Министрлер Кеңесі жанындағы дене шынықтыру және спорт бойынша Мемлекеттік комитет сарайдың салынуын КСРО құрылған күнінің мерейтойына орайластырды. В. Карцев пен О. Наумованың, конструкторлар М. Кашарский, 3. Волков, С. Матвеев және Ю. Плахотниковпен бірігіп жасаған жобалары мұзда сырғанау, бокс, күрес және де тағы басқа спорт түрлері бойынша жарыстарды қабылдай алатын әмбебап спорт алаңын тұрғызу мақсатын көздеді. Бұл алып қуатты ғимаратта б000 орынға есептелген 4 трибуналы басты зал (68x33 м), жасанды мұз дайындайтын бөлмелер мен технологиялар, медициналық бөлім және методикалық кабинеттер болды. Өткен ғасырдың 90-жылдары Сарайға атақты қазақ суырыпсалма ақыны және күресшісі Балуан Шолақтың (1864-1919 жж.) аты берілді. 2009 жылға дейін Сарай қаланың басты спорт алаңы болды.Қазақстанның тарихи-мәдени нысандарының және жаппай зиярат ету еті орындарының альбомы. - Астана: ҚазҒЗМИ, 2018. - 496 бет. ISBN 978-9961-23-485-9

2011 қысқы Азиада ойындарына спорттық инфрақұрылымды дайындау аясында кешенді қайта жөндеу жұмыстарынан өтті. Қайта құрудан кейін барлық инженерлік-техникалық коммуникациялары ауыстырылды, шешінетін жер, медико-қалыптастыратын кешендер, демалыс бөлмелері, баспасөз орталығы, комментаторлық кабинкалар орналасатын қосалқы орындардың аумағы ұлғайды. Ең соңғы модификациядағы электрондық табло орнатылды. Сондай-ақ 850 машинаға парковка ұйымдастыру жоспарланған.Балуан Шолақ атындағы спорт және мәдениет сарайы t. Аталмыш сарайдың жаңа келбеті Philips Қазақстан және SkyMax Technologies компанияларының бірлескен жобасы бойынша жүзеге асырылып, Азиаданың негізгі нысаны ретінде Спорт сарайы халықаралық стандарттарға сәйкес толығымен қайта жаңғыртылған болатын. Бірінші кезектегі 14,5 миллиард теңге игеріліп, іс жүзінде жұмыс жеріне жеткізілді. Кешеннің екінші кезегі – жабық жаттығу мұз айдыны мен 650 мәшинеге лайықталған 7 қабатты паркингтің құрылысы аяқталу үстінде. Жұмысты “Алматы” құрылыс-монтаж кәсіпорны атқаруда.Балуан Шолақ сарайы.

Дереккөздер

Санат:Алматы спорт кешендері Санат:Алматы сәулеті Санат:Алматы қаласының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері