Айдабол — Ақмола облысы Зеренді ауданындағы ауыл (бұрын кент), Айдабол ауылдық әкімдігі орталығы.
Географиялық орны Аудан орталығы - Зеренді ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 28 км жерде, Айдабол өзенінің жағасында орналасқан.
Тарихы Іргесі 1908 жылы қаланған. 1939 жылы мұнда мал бордақылау кеңшары ұйымдастырылды. 1997 жылы кеңшар негізінде кооператив шаруашылықтар мен шаруа (фермер) қожалықтары құрылды.
Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен14911222 1041 85,2 587 511 87,1 635 530 83,5
Инфрақұрылымы Кентте Айдабол спирт зауыты, тұрмыс қажетін өтеу кәсіпорны, орта мектеп, клуб, аурухана, балабақша бар. Айдабол арқылы Көкшетау - Атбасар көлік тас жолы өтеді.
Дереккөздер
Санат:Зеренді ауданы елді мекендері Санат:Сібір казак әскерінің елді мекендері Санат:Қазақстанның бұрынғы кенттері