Алексей Георгиевич Пирогов - мұнайшы, «ҚазТрансОйл» АҚ өндіріс жөніндегі басқарушы директоры.

Өмірбаяны 1961 жылы 26 наурызда Шешен-Ингуш АКСР Сунжен ауданының Орджоникидзевская станциясында туған. Грозный мұнай техникумын (1980) техник-мұнайшы мамандығы бойынша; В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтының Ақтау филиалын (1992) тау-кен инженері мамандығы бойынша бітірген. 1980 жылдан - «Өзенмұнай» МГӨБ операторы, шебері, инженері, аға технологы, аға инженері, зертхана бастығы. Одан кейін - «Комсомолмұнай» МГӨБ шебері. 1993 жылдан - «Оңтүстікмұнайқұбыр» ӨБ орталық апат-жөндеу қызметі бастығының орынбасары, бастығы. 1996 жылдан - Маңғыстау мұнай құбыры басқармасының бөлім бастығы; «Оңтүстікмұнайқұбыр» ӨБ бас маманы *1997 жылдан - Батыс филиалының мұнай құбырларын пайдалану бөлімінің бастығы; *1999 жылдан - «ҚазТрансОйл» АҚ бас директорының ендіріс жөніндегі кеңесшісі, техникалық директоры, бас директордың бірінші орынбасары. 2004 жылдан - ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі Мұнай өнеркәсібі департаменті директорының орынбасары, Газ өнеркәсібі департаментінің директоры. 2006 жылдан - «ҚазТрансОйл» АҚ бас директорының орынбасары. 2009 жылдан бері - «ҚазТрансОйл» АҚ өндіріс жөніндегі басқарушы директоры.Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011 жыл. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2

Ғылыми жұмыстары Техникалық ғылымдар докторы (2005). Докторлық диссертациясының тақырыбы: «Мұнай құбырларын қайта сынау технологиясының ғылыми негіздерін зерттеу».

Дереккөздер

Санат:Қазақстан мұнайшылары Санат:1961 жылы туғандар