Құбайдолла Әбілғазыұлы Махутов 1950 жылы 28 ақпанда Гурьев облысының Жылыой ауданында туған. В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын (1972), инженер-геолог мамандығы бойынша бітірген. Геология-минералогия ғылымдарының кандидаты. Философия докторы. ҚР Минералды ресурстар академиясының корреспондент мүшесі.6 монография, 50-ден астам мақаланың авторы. 1972 жылдан - Солтүстік-Үстірт МБЭ геологы. 1975 жылдан- «ҚазмұнайГЗЖИ»-дің кіші ғылыми қызметкері. 1977 жылдан - «Маңғышлақмұнай» ӨБ Маңғышлақ, Жетібай БЖБ геологы, аға геологы, Маңғышлақ геологиялық барлау тақырыптық партия белімінің бастығы. 1987 жылдан-Маңғышлақ геофизикалық экспедициясының тақырыптық партия бастығы. 1989 жылдан - «Маңғыстаугеология" АҚ бас геологы, вице-президенті. 1997 жылдан - «Қазполмұнай» БКбасдиректоры. 1998жылдан-«Арман» қазақстан американ БК бас директоры. 2005 жылдан - «Қазақойл Ақтөбе» ЖШС техникалық директоры. 2006 жылдан- «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ «ҚазМұнайТеңіз» ТМК» АҚ бас геологі 2007 жылдан бері - мұнай компанияларының бас геологі Арыстан, Қарақұдық, Оңтүстік Жетібай, Тасболат, Батыс Тасболат, Пионер, Бақанды, Солтүстік Ракушечное Сәрсенбай, Елемес, Шығыс Сазтөбе, Бекболат және т.б кенорындарын ашуға және барлауға қатысқан. «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» медалімен, «Қазақстан мұнайына 100 жыл» белгісімен марапатталған. ҚР Жер қойнауын барлау үздігі.Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011. 2 томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2

Дереккөздер

Санат:Тұлғалар Санат:Қазақстан мұнайшылары Санат:1950 жылы туғандар