МузАРТ — Қазақстандық вокалды-аспапты ансамбль. «МузАРТ» – көне түркі тілінен шыққан, «УЗ» – сал, сері, тағы сол сияқты ер азаматқа тән қасиеттерді, ал «АРТ» - биік, шың, тау деген мағынаны білдіреді.
Топ алғаш құрылғанда құрамында үш әнші өнер көрсетсе, қазіргі уақытта ВИА сегіз мүшеден тұрады: Мейрамбек Бесбаев, Сәкен Майғазиев, Кенжебек Жанәбілев, Ғалымжан Артықбаев, Ерлан Құлахметов, Бексұлтан Арман, Ерік Жасақбаев. Сонымен қатар, топтың құрамында Мақсат Базарбаев және Болат Жолдасовтар өнер көрсетті. Топ құрылғалы бері топтың арт-директоры қызметін Ерлан Жүнісбай, музыкалық продюсері қызметін Бексұлтан Арман атқарып келеді.
Топтың тарихы thumb|250px|right|МузАРТ ансамблі МузАРТ тобы 2001 жылдың сәуір айында құрамында Сәкен Майғазиев, Мейрамбек Бесбаев және Мақсат Базарбаев бар трио ретінде құрылған. Топтың алғашқы орындаған әні – Мұқағали Мақатаевтың сөзіне жазылған Қанат Ибраимовтың «Сенің көзің» атты шығармасы. Бұл әнді олар алғаш рет Алтынбек Қоразбаевтің концертіне алып шығады. Содан бері МузАРТ елге таныла бастайды.
2003 жылы 16-17 желтоқсан «Өз елім» атты жеке концерті өтті. 2003 - 2004 Қытай Халық Республикасында және Ресейде ән сапары өтті. 2005 жылы топ мүшелерінің бірі Мақсат Базарбаев жеке әншілік жолына түсіп, орнына топтың жаңа мүшесі ретінде Кенжебек Жанәбілов келеді. 2006 жылы Түркия елінде жеке концертін берді. 2007 жылы «МузАРТтың» құрамы кеңейтіліп, топ вокалды – аспапты ансамбль ретінде өз жұмысын бастады. 2008 жылы мамырда «МузАРТ» ансамблінің есеп беру концерті өтті. 2008 жылы 14 желтоқсан Ансамбль Ресейдің Санкт-Петербург қаласында жеке концертін берді. 2009 жылы Алматы облысындағы «Максимум» Акционерлік Қоғамы өнімдерінің біріне ансамбльдің атын беруді ұсынды. 2011 жылы «МузАРТ» тобына 10 жыл толуына байланысты 27 сәуір күні Астана қаласындағы «Қазақстан» орталық концерт залында мерейтойлық концертері өткізіледі. 2013 жылы «МузАРТ» тобына 12 жыл толуына байланысты 20 сәуір күні Алматы қаласындағы Республика Сарайында концерт берді.Топтың тарихы 2016 жылы «МузАРТ» тобына 15 жыл толуына орай 8 шілде күні Астанада "Қазақстан" орталық концерт залында үлкен концерттерін берді. 2021 жылы «МузАрт» тобына 20 жыл толдыМейрамбек Бесбаев: Музарт тобы 20 жасқа келеді! qazradio.fmНазарбаев поздравил группу "МузАРТ" с 20-летием . 2026 жылы «МузАРТ» тобына 25 жыл толды; 10 наурызда «МузАРТ-25» мерейтойлық концерті өтті
Шығармашылығы «МузАРТ» вокалды-аспапты ансамблінің орындайтын әндерінің көпшілігі эстрада жанрына жататын шығармалар. Сонымен қатар, ансамбль репертуарынан халық әндері мен ретро әндерді де табуға болады. 2011 жылға дейінгі он жылдық тарихында 46 ән жазған. Олардың қатарында «Өз елім», «Шынарым», «Шашбаулым», «Қазақтай ел қайда», «Сағындым Алматымды», «Үшқоңыр», «Анаға сәлем», «Қайран көңіл» атты әндері бар.
4 альбомы жарық көрген: «Сенің көзің» (2003) «Әттең-ай» (2005) «Есіңе ал» (2007) «Рахмет саған туған ел» (2014)
Жеке альбомдары Мейрамбек Бесбаев «Ән-термелер» «Аяулыма»
Сәкен Майғазиев «Бал әнім» (2012)
Кенжебек Жанәбілев «Сағыныш, тамшылары»
Жетістіктері «МузАРТ» тобының әншілері — «Дарын» жастар мемлекеттік сыйлығының лауреаттары және Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері. Алтын Самұрық «Ұлттық үздік әнші жүлдесі» жобасының он үздігінің қатарына енген. 2013 жылы қыркүйекте MUZZONE телеарнасынын ЕМА премиясында МузАРТ тобы "Үздік ұжым" номинациясын жеңіп алды. 2006 жыл — Бесбаев, Жанәбілов және Майғазиев «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының («Эстрада» номинациясы) лауреаты атанды. 2026 жылғы мамырда топтың негізін қалаушы және солисі Мейрамбек Бесбаев «Парасат» орденімен марапатталды. 2026 жылғы маусымда Алматы қаласы әкімінің орынбасары Абзал Нүкенов Сәкен Майғазиевке «Парасат» орденін, Кенжебек Жанәбіловке «Құрмет» орденін тапсырды.
Топ мүшелері Сәкен Майғазиев — 1975 жылы 1 қаңтарда Түркістан облысы, Созақ ауданында туған. Мейрамбек Бесбаев — 1976 жылы 8 қарашада Жамбыл облысы, Меркі ауданында туған. Кенжебек Жанәбілов — 1982 жылы 14 шілдеде Түркістан облысы, Созақ ауданында туған. 2005 жылы топ құрамындағы Мақсат Базарбаевтің орнына келген.
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер Топтың ресми сайты Песни МузАрт https://bisyor.net/tags/МузАрт+2018/
Санат:Қазақстан музыкалық ұжымдары Санат:2001 жылы құрылған музыкалық ұжымдар