Қанатбек Райханұлы Жұмин1947 жылы 24 қазанда Алматы қаласында туған. Қазақ. Әкесі - Жұмин Райхан Жұмаұлы, ҚазКСР Еңбек сіңірген өнер қайраткері. Анасы - Жұмина Зейнеп Латипқызы, үй шаруасымен айнапысқан. Г.В. Плеханов атындағы Ленинград тау-кен институтының геологиялық барлау факультетін бітірген (1972), тау-кен инженері; В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтының өндіріс және құрылыс ұйымдастыру факультетін бітірген (1988), экономист. Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін біледі. 1974 жылдан - ҚазКСР Геология министрлігі жанындағы барлау ұңғымаларын бұрғылаудың жаңа техникасы мен техно- логияларын игеру мәселелеріне жетекшілік еткен. 1980 жылдан - моңғол Халық Республикасындағы Кеңестік геологиялық экспедицияның бұрғылау шебері, бұрғылау жөніндегі аға инженері, партияның техникалық жетекшісі, экспедицияның техникалық жетекшісі. 1984 жылдан - «Оңтүстікқазгео» жаңа техника партиясы отрядының бастығы. 1989 жылдан - Корей Халық Демократиялық Республикасында бұрғылау жөнінде кеңес беруші инженер. 1991 жылдан - ҚР Экономика жөніндегі мемлекеттік комитеті Сыртқы экономикалық байланыстар басқармасының бас маманы. 1992 жылдан Энергетика және отын ресурстары министрлігінің Сыртқы экономикалық байланыстар басқармасы мұнай-газ саласы бөлімінің бастығы. 1994жылдан - ҚР Мұнай және газ өнеркәсібі министрлігінде инвестициялықсаясат басқармасы орынбасары. 1997 жылдан - «Қазақойл» ҰМК жаңа департаментінің директоры, «КҚК-К» АҚ экспорттық мұнай құбырлары жобаларының жетекшісі. 2000 жылдың маусымынан бері-«КҚК-К» АҚ бас директорының ҚР Үкіметімен байланыс жөніндегі орынбасары. «Ерен еңбегі үшін» (1999), «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» (2010) медальдірімен марапатталған. «Қазақстанның мұнай энциклопедиясы деген (1999). Ресей Федерациясының Құрметті мұнайшысы(2001)Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011 жыл. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2
Дереккөздер
Санат:Тұлғалар Санат:Қазақстан мұнайшылары Санат:1947 жылы туғандар