Асқар Әкімбайұлы Әубәкіров 1970 жылы 29 мамырда Қызылорда қаласында туған. Мәскеу гидромелиорация институтын (1994) инженергидротехник мамандығы бойынша, Еуразия нарық институтын (1999) экономист мамандығы бойынша бітірген. 1994 жылдан - «Қазкоммерцбанк» ААҚ Қызылорда филиалының жинақ ақша бөлімінің бастығы. 1997 жылдан -«Қазақойл» ҰМК Атырау қаласындағы өкілдігінің қаржы бөлімінің менеджері, «Ембімұнайгаз» ААҚ қаржылық талдау бөлімінің, қаржы және экономикалық талдау бөлімінің бастығы. 1998 жылдан - «Ембімұнайгаз» ААҚ қаржы дирекциясыныңдиректоры. 1999 жылдан «Ембімұнайгаз» ААҚ бірінші вице-президенті, «Қазақойл-Ембі» ААҚ бірінші вице-президенті. 2000 жылдан - «Өзенмұнайгаз» ААҚ экономика жөніндегі бірінші вице-президенті. 2001 жылдан - «ЕигоАзіаОгоир» басқармасының төрағасы. 2002 жылдан - «Ембімұнайгаз» ААҚ экономика жөніндегі бірінші вице-президенті, 2004 жылдан - «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ «Ембімұнайгаз» ӨФ директорының экономика және қаржы жөніндегі бірінші орынбасары. 2005 жылдан бері - «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ бас директорының корпоративтік даму және активтерді басқару жөніндегі орынбасары.Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011 жыл. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2

Қоғамдық және қайырымдылық қызметі Әубәкіров Асқар Әкімбайұлы өңірлік әлеуметтік жобаларды қолдаумен айналысады. Ол Қызылорда қаласы мен облысында әлеуметтік жағынан осал топтарға, соның ішінде қарттар, мүгедектер, көпбалалы отбасылар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға қаржылық және қаржылық емес қайырымдылық көмек көрсеткен.

Сондай-ақ өңірдегі мәдени-әлеуметтік салалардың дамуына үлес қосып, білім алу, медициналық емдеу, балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру, мәдени нысандар мен спорт инфрақұрылымын дамыту бағыттарындағы бастамаларға демеушілік жасаған.

Марапаттары «Парасат» ордені (2023) «Құрмет» орденіСЫР ЕЛІ. Энциклопедия / Бас ред. Б.С. Каримова. 2-басылым. – Алматы: «Тау-Қайнар» ЖШС, 2024

Дереккөздер

Санат:Қазақстан мұнайшылары Санат:1970 жылы туғандар Санат:Қызылордада туғандар