Ялты — Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов ауданы, Чистополь ауылдық округі құрамындағы ауыл.
Географиялық орны Аудан орталығы – Новоишим ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 87 км-дей жерде, Құлаайғыр өзенінің жағалауында орналасқан.
Халқы 1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 753 адам (367 ер адам және 386 әйел адам) болса, 2009 жылы 579 адамды (285 ер адам және 294 әйел адам) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том
Тарихы Іргесі 1976 жылы бұрынғы Көкшетау облысы Чистополье ауданының етті ірі қара мал өсіруге маманданған аудандық арнайы бірлестігінің орталығы ретінде қаланған. Бірлестік негізінде 1994 жылы ауылда “Ялта-1” ЖШС-і ұйымдастырылды.«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, X том
Дереккөздер
Санат:Ғабит Мүсірепов ауданы елді мекендері