Қылышпай Жылқыбайұлы Салмұхаметов 1966 жылы 5 шілдеде РКФСР Челябі облысы Чесмен ауданының Зеленая Долина кентінде туған. Қазақ. Әкесі - Салмұхаметов Жылқыбай Мұхамадұлы (1937- 1995), кеңшар жұмысшысы болған. Анасы - Салмұхаметова Күләйдархан Тұлыпқызы (1939 жылы туған), зейнеткер. Р.А. Руденко атындағы Свердлов заң институтының криминалдық тергеу факультетін бітірген (1990), құқықтанушы. Қазақ, орыс және ағылшын (сөздікпен) тілдерін біледі. 1990 жылдан - Қостанай облысы Рудный қалалық ішкі істер бөлімінің тергеушісі. 1993 жылдан - әкімшілік басқару және атқару өндірісі жөніндегі судья; 1994 жылдан - халық судьясы; 1996 жылдан - Рудный қалалық сотының төрағасы. 2002 жылдан - Қостанай облыстық сотының судьясы. 2010 жылдан бері - Қостанай облыстық сотының кассациялық сот алқасының төрағасы. Қостанай облысы әкімінің грамотасымен марапатталған (2007), ҚР Жоғарғы Сотының алғыс хатын алған (2008). Әскери атағы - запастағы әділет аға лейтенанты. Діни көзқарасы - дүние жүзіндегі діндердің барлық түрлеріне құрметпен қарау. Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - Н.Ә. Назарбаев. Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Қазақстан әлемнің үздік дамыған 50 елінің қатарына кіреді». Хоббиі - волейбол, су асты саятшылығы. Сүйіп оқитын әдебиеті - классикалық әдебиет. Үйленген. Жұбайы - Салмұхаметова Айнаш Сейілбекқызы, жеке нотариус. Қызы - Салмұхаметова Айсұлу, ҚазМЗА студенті, ұлы - Салмұхаметов Болат, Қостанай қаласы гимназиясының оқушысы.Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011 жыл. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2

Дереккөздер

Санат:Тұлғалар