Салық төлеуден жалтарыну - салықтық телемдерді толық немесе ішінара төлемеу мақсатымен салық төлеушінің салық салу объектін (табысты, пайданы, тауар айналымын, мүлікті) әдейі жасыруы және азайтуы. Салық төлеушілердің мұндай заңсыз іс-әрекеті мемлекет мүддесіне айтарлықтай нұқсан келтіреді: мемлекеттік бюджет едәуір қаражаттарды ала алмайды, салық заңнамасын бұзушылар кірістерінің қосымша криминалдық көздері жасалынады, кәсіпкерлік қызмет сферасында, салада, өңірде және т.б. құн козғалысының негізгі үйлесімдері бұрмаланады. Салық төлеуден жалтарынудың себептері әртүрлі болуы мүмкін: шаруашылық, кәсіпкерлік немесе өзге де қызметті қалыпты жүргізуге мүмкіндік бермейтін елеулі салық ауыртпалығы; салықтардың көптігі және жоғары мөлшерлемелері салық салынатын субъектінің «көлеңкелі» («қалтарыстағы») экономикаға көшуіне жәрдемдеседі; салық заңнамасының күрделілігі, сонымен бірге анық еместігі, нұсқаулықтар мен ережелердің кағидалары мен нормаларын түрліше түсіндіретін ондағы толықтырулардың, өзгерістердің, түзетулердің көптігі; салық службасын ұйымдастырудағы кемшіліктер: жұмыскерлердің төмен біліктілігі мен біліксіздігі, экономикалық білімдер мен құқықтық мәселелердің шектес салаларын жеткіліксіз білу; тексерулер кезіндегі жұмыскерлердің адалдыққа жатпайтын іс-қимылдары; салық сомаларын баю немесе көлеңкелі бизнестегі инвестициялау мақсатымен субъектілердің оларды төлемеуге қасақана, әдейі ұмтылуы және т.б. «Көлеңкелі экономиканың» орасан зор ауқымы, басқа елдердің банк мекемелеріне ақша аудару, кәсіпкерлік қызметтің шын ауқымын, мүлік құнының мөлшерін төмендету жөніндегі табысты күш салулары мемлекет бақылауынан салықтық түсімдердің аса ірі сомаларын шығарады. Кейбір мәліметтер бойынша триллион теңге мөлшеріндегі табыстар салықтан жасырылып қалады, Қазақстандағы құпия экономика ішкі жалпы өнімнің үштен бірінен 40 пайызына дейін құрайтын көрінеді. Құпия экономикадағы жаман жағдай оның салық базасын мемлекеттің қаржылық ресурстарын молайту үшін пайдалануға мүмкіндік бермейді. «Қосарлы» есеп жүргізудің практикасы қалыптасқан: ресми органдар үшін және кәсіпкерлердің меншікті пайдалануы үшін; біріншісінде қызметтің тек аз болуы мүмкін нәтижелері, екіншісінде басқару мен бизнесті дамытуға қажетті, ақиқатты нәтижелер көрсетіледі. Белгіленген тәртіптен әр түрлі ауытқулар кезінде немесе салықты есептеу және төлеу кезіндегі стандартты емес ахуал кезінде салықтар жөніндегі әкімшілік қағидалар мен салық органдары іс- қимылының нұсқалары анықталған, мысалы, бухгалтерлік есепті жүргізу тәртібін бұзған жағдайда, есеп-қисап құжаттарын жою немесе жоғалту кезінде, анықталған табыстың жеке тұтынуға арналған шығыстарға, мүліктің мөлшеріне сәйкес келмеуі жағдайында салық салу объектісін анықтаудың әдістері. Салықтарды мәжбүрлі өндіріп алудың іс-шаралары белгіленген. Салық төлеушінің (салық агентінің) белгіленген мерзімде орындалмаған салықтық міндеттемесін орындау: төленбеген салық және бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдер сомасына өсімпұлды есепке жазу; банктік шоттар мен касса бойынша шығыстық операцияларды тоқтата тұру; салық төлеушінің (салық агентінің) салық берешегі есебіне мүлікке билік етуін шектеу тәсілдерімен қамтамасыз етілуі мүмкін. Өсімпұл сомасы салықтық міндеттемені мәжбүрлі орындату шараларын, сондай-ақ салық заңнамасын бұзғаны үшін жауапкершіліктің өзге де шараларын қолдануға қарамастан есепке жазылып, төленеді. Өсімпұл, салық және бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдерді төлеу мерзімі күнінен кейінгі күннен бастап, Ұлттық банк белгілеген қайта қаржыландыру ресми мөлшерлемесінің 2,5 еселенген мөлшерінде бюджетке төленген күнді қоса алғанда, мерзімі өткен әрбір күн үшін есепке жазылады. Салық заңнамасын бұзудың әр түрі үшін жауапкершілік анықталған, мысалы, салық органдарына есептемені белгіленген мерзімде тапсырмағаны үшін тәртіп бұзушыларға салықтық санкциялар қолдануға ұшыратады: жеке тұлғаларға 15 АЕК мөлшерінде айыппұл, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - 30 АЕК мөлшерінде, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатындарға 45, ірі кәсіпкерлік субъектілер болып табылатын заңды тұлғаларға - 70 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады; салық төлеуші (салықагенті) салықтық есептемені тапсыру мерзімі аяқталғаннан кейін 90 күн ішінде оны табыс етпесе Бұл айыппұлдар тиісінше 30, 40, 60, 90 АЕК-ге дейін өседі. Банктік құжаттарда салық төлеушілердің тіркеу нөмірлерін берусіз операциялар жүргізгені үшін банктердің жауапкершілігі анықталған; шаруашылық жүргізуші субъектілерді мәжбүрлі жою кезінде бюджет апдындағы берешегі жағдайында олардың банктік шоттарындағы ақша калдықтары туралы салық органдарына мәліметтер бермегені үшін; салық органдарында салық төлеушілерді тіркеу есебіне қоймау фактілерін растайтын бұл органдардың құжаттарынсыз банктік шоттар ашқаны үшін. Мемлекетке едәуір залал келтірген салық заңнамасын қасақана бұзушылықтары үшін қылмыстық тәртіп пен жауапкершіліктің анағұрлым қатаң шаралары да белгіленген: шаруашылық жүргізуші субъектілердін жауапты тұлғалары Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне сәйкес белгілі бір лауазымға ие болуы немесе шарттасқан мезгілге белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айрылумен жазаланады, қоғамдық немесе түзеу жұмыстарына, сондай-ак бас бостандығынан айрылуға тартылады. Салық органдары салық төлеушіге мерзімінде орындалмаған салықтық міндеттемені орындауды камтамассыз ету тәсілдерін қолданғаннан кейін, мәжбүрлі өндіріп алу мынадай тәртіппен: банктік шоттардағы ақша ееебінен; дебиторлық шоттардан; билік ету шектелген мүлікті өткізу есебінен; жарияланған акцияларды мәжбүрлі шығару түрінде жүргізіледі. Алайда аталған шаралардың бәрі салықтан жалтарынудын проблемаларын жоймайды. Тек салық қызметінің органдары тексерулерінің нәтижелері бойынша есептелінбеген төлемдердің сомасы бюджет кірістерінің төрттен бірін құрайды. Салық төлеушілер салық салынатын объектілер табыстарды жасырудың аса жетілдірілген әдістерін қолданады, салық қызметінің бұрмаланған мәліметтерді беру жағдайлары жиілеп барады. Салық салудан жалтарынудың әр алуан әдістері болады. Тура салықтарды төлеуден жалтарыну көбірек таралған. Жанама салықтар бойынша оларды өндіріп алудың ерекшелігіне байланысты жасырыну қиынға түседі. Бірақ банктердің қатысуынсыз тауар-ақшалай операцияларды жасау, яғни сатып алу-сату операцияларын есепке алудан іс жүзінде жасыру акциздерді, қосылған құн салығын төлемеуді мүмкін етеді. Табыстарға салық салу бойынша жалтарынудың неғұрлым сипатты әдісі өндіріс немесе айналыс шығындарын (шегерімдерді) арттыру арқылы табыстың мелшерін азайту болып табылады; материалдық шығындарды жалған (көтеріңкі) баға бойынша, мысалы, оларды еркін бөлшек сауда багасы бойынша сатып алынғанына сілтеме жасау, немесе тікелей жалған есеп-қисап құжаттарын жасау жолымен өнімнің (жұмыстың, қызметтің) өзіндік құнына жазады. Осылайша амортизаңиялық аударымдардың сомасын көтермелеу мақсатымен жабдықтың және басқа негізгі құралдардың құны көтерілуі мүмкін. Салық салынатын табысты азайтуға сондай-ак төлеушінің қарамағына калдырылатын табыс және кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес шығыстар есебінен жабылатын шығындардың шегеріміне (өзіндік құнға) жатқызу арқылы кол жетеді. Оларға мыналар жатады: белгіленген нормапардан тыс іс-сапар шығындары; негізгі құралдар сатып алу; нормалардан тыс өкілдік шығындарды төлеу; әр алуан мәдени-ағарту шараларына қатысу жөніндегі шығыстар; салық бойынша жеңілдіктері бар ұйымдармен өнім (жұмыс, қызмет) жеткізіліміне жалган келісімшарт жасау (кейін кем жеткізуге немесе келісімшарттың орындалмауына салынған айыппұлдарды зиянға жатқызу ниетімен); материалдық құндылықтардың өндіріске берілген көлеміне қарамастан олардын бүкіл құнын шығындар есебінен шығарып тастау; жеке тұлғалардан тауар-материал құндылықтарын сатып алу және көрсетілген қызметтерге колма-қол ақша төлеу шығыстарын тексерілуі киын бастапқы құжаттар бойынша шығындарга жалған кіріктіру; салық заңнамасын бұзғаны үшін салық органдары есептеген айыппұлдарды, өсімпұлдарды есептеп шығару. Шегерімдер (езіндік күн) қосылган құн салығын осы салынған тауар-материапдық құндылықтардың, қызметтердің әр түрінің бөлігінде шығындарға есептен шығару есебінен көтеріледі. Табысқа салық салудан жалтарынудың кең тараған әдісі кәсіпкерлік қызметтен түскен түсім- ақшаны кемітіп көрсету және жасырып қалу болып табылады. Бұл бұзушылық киын анықталады, өйткені нағыз түсім-ақшаны анықтау үшін тексеріліп отырган төлеушінің тауарының (қызметінің) козғалысымен байланыстырылатын (сәйкестірілетін) шоттары мүмкін көптеген баспа-бас айырбас пен өзге де шаруашылық-каржылық операцияларының фактілерін талдау қажет; барлық төлеушілердің және олардың операцияларының толық компьютерлендірілмеуі бұзушылықты айқындауга көп уақығғы қажет етеді. Салық салудан жалтарыну бухгалтерлік есептін канағаттанғысыз койылуымен немесе оның жоқтығымен (мысалы, шаруа-фермер шаруашылықтарында) байланысты болуы мүмкін. Мұндай жағдайларда шаруашылық қызметтін нәтижелерін калпына келтіру үшін: жұмсалынған электр куаты, баска ресурстар бойымша, есептеу приборларының көрсеткіштері бойынша, нактылы шығындар, айналымдар, активтердің құны, қызметтің ұқсас түрлерінің көрсеткіштері бойынша жанама немесе аналогиялық (үйлестік) әдіс қолданылады. Төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығын төлемеу немесе толық төлемеу мүмкіндіктері табиғи тұлғаланымда, яғни кәсіпорын өніммен немесе бартер бойынша алынған өніммен еңбекке ақы төлеу бойынша есеп-кисаптың тараған практикасымен байланысты. Мұндай жағдайларда киындықтар салық салу мақсаттары үшін төмендетілуі мүмкін табиғи еңбекақыны накты бағапаудан пайда болады. Жалған тұлғаларга нарядтар жазып беру, мердігерлік келісімшартты, контракт бойынша жұмыстарды «орындауға» жұмыскерлер тарту жолымен еңбекке ақы төлеу шығындарын асырып көрсету, құжаттық түрде ресімделетін сырт жактан жапган қызметтер көрсету практикасы кең таралган. Шегерімдерді (өзіндік құнды) асырып көрсету есебінен табысты жасыру оған кәсіпкерлік сфера иелерінің, басшыларының және жұмыскерлерінің тұтыну шығыстарын кіріктіру жолымен жүргізіледі. Бір мезгілде бұл тәсіл табиғи ақы төлеудің орны болатындықтан әлеуметтік және табыс салықтарын төлеуде үнемдеуге жағдай жасайды. Фирма есебінен басшыларга арнапған пәтерлер ұсталынады (офис ғимараты түрінде (көз бояп), службалық автокөлік, жиһаз, тұрмыстық техника сатып алынады, газет-жорналдарға жазылу ресімделеді). «Фирмалық киім-кешек» бабы түрінде жеке басына қымбат тұратын киім-кешек, аяқ киім сатып апуды жасыруға болады. Жалтарынудың басқа сипатты жағдайлары: Заңдар мен нормативтік құқықтық актілердің келісілмегендігі, салық заңнамасы нормаларын бұрыс түсіндіруге апаратын тұжырымдаулардың анық еместігі, экономикалық және салықтық өзара қарым-қатынастардың практикасымен қабылданатын заңдардың болмауы жағдайында салық төлеушілер уақытылы салық мағлұмдамаларын тапсырып, салық органдарының талаптарын орындайды, бірақ нормативтік құқықтық актілердегі кемістіктерден табыстарды жасырып қалады. Қосарлы бухгалтерия жүргізген жағдайда салық төлеушілер салықтық мағлұмдамалар, есеп- қисаптар, анықтамалар береді, салық органдарының талаптарын орындайды. Алайда, салық органдары ыңғайласпа тексерімдер жүргізуді қолданбайтындықтан салық төлеушілердің ресми есептерде еткізімнің төмендетілген төлемдері мен алынган табыстарды көрсету мүмкіндігі болады. Салық органдарында тіркелмей кәсіпкерлік қызметпен айналыскан жағдайда кәсіпкерлер контракттарда, шот-фактуларда, банктік құжаттарда және т.б. ойдан шығарылған салықтөлеушінің нөмірін кояды, салық органдарының алдында есеп бермейді және, әдеттегідей, аз уақыт өмір сүреді. Бюджетке төлемдер бойынша берешектін қордалануына қарай «салық органдарымен байланысын жоғалтқандар» санатына ауысу. Салық төлеуші жұмысын істейді, салықтық есептемені тапсырады, бірак бюджетке төлемдерді төлемейді және олардың қордалануына.қарай қолда бар активтерді іске асырады және салық органдарымен байланысты жоғалтады. Тәуекелді азайту үшін, әдеттегідей, жалған мекен-жай және жалған тұлғалар пайдаланылады.
Kaynak ve lisans
Kaynak: Wikipedia — Салық төлеуден жалтару · katkı geçmişi.
Metin: CC BY-SA 4.0.
Metin düzenlemesi hakkında
Viki işaretlemesi ve şablonlar çıkarıldı; uzun metinler kısaltıldı.