Ультрақышқыл жыныстар. Кремний тотығы 75%-тен жоғары болса, жыныстар ультрақышқыл тобына кіреді. Олар — көбінесе аляскиттер мен аляскит-граниттер.Аляскиттер толық кристалды, ашық сұр массивті, тереңде пайда болатын орта түйіршікті, кейде уақ түйіршікті жыныстар болып табылады. Аляскиттердің басты-басты құрамды бөлшектері — калийлі дала шпаты мен кварц; кварц мөлшері кейде 40%-тен асады. Ал плагиоклаз бен түсті минералдар онда жоқ. Аляскиттер керамика жасау үшін және қышқылға төзімді шикізат ретінде пайдаланылады.Кристаллография, минералогия, петрография. Бұл кітап Абай атындағы Қазақтың мемлекеттік педагогты институтының, география факультетінде оқылған лекциялардың негізінде жазылды, 1990. ISBN 2—9—3 254—69
Дереккөздер
Санат:Химия Санат:Кристаллография