Изобарлы процесс кезінде, қысым тұрақты болады: Р = const, басқа көрсеткіштері өзгереді, яғни V = var және Т = var. Характеристикалық теңдеуден pv=RT кезіндегі P=const табамыз: V/T= const немесе V2/V1 = Т2/Т1. Сонымен, изобарлы процесс кезінде жылудинамикалық газ көлеміне тура пропорционалды болып өзгереді. Қайтымды процессті жүргізу үшін, изохорлыдағыдай, әр түрлі температурадағы көп жылулық көзін қажет етеді. Мұндай процесстің графигі суретте, көлденеңі 1-2 және 1-2 P=const кезіндегісі бейнеленген. 1-2 изобар- лы кеңею {dv>0) жылулықты (dq>0) жеткізуіне сәйкес, оның температурысының ұлғаюымен байланысты.

1-2 изобарлы сығылу (dv<0). Мұнда температура жетпейді, жылу алып кетіледі (dq<0). Меншікті жұмыс газының кеңеюі немесе сығылуы:

ал оның массасы m:

Меншікті ішкі энергияның өзгеруі Ал ішкі энергия Процесстегі жылудың меншікті саны:

Жылудинамикасының бірінші заңының талдау формуласымен табамыз: dq = CνdT + pdν = CνdT +RdT = (Cν + R)dT. Себебі, pν = RT және dp = 0 кезінде pdν = RdT. Майердің теңдеуінен келіп шығады: Cν + R немесе Cp - Cν = R. Барлық газдар үшін Мср - MCν = MR = 8315 қатынастың өзгешелігі мынада: K = Cp/Cν. Қос атомды газдар үшін К= 1,4. Атомның артуына қарай, оның К мәні бірге жақындайды.Кабашев Р.А. ж. б. Жылу техникасы: Оқулық/ Р.А. Кабашев, А.К. Кадырбаев, A.M. Кекилбаев. -Алматы: «Бастау» баспаханасы, 2008. - 425 б. Суреттері 140 сурет. Библиографиялы тізімі 17. ISBN 9965-814-30-9

Дереккөздер

Санат:Жылу техникасы Санат:Ғылым