Рудничное, Шалқаркөл — Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы Семізбұғы кентінің солтүстік-шығысында 3 км жерде орналасқан көл.
Гидрографикасы Ауданы 6,50 км2, ұзындығы 4,2 км, ендірек жері 2 км, жағалау сызығының ұзындығы 15 км. Ең терең жері 8,5 м (орташа терендігі 4,5 м.). Көл түбінің көпшілік бөлігі тегіс, жынысты, ортасына қарай лайлы келеді. Жауын-шашын және жер асты суымен қоректенеді. Су жинайтын алабы 30 км2. Суының жоғарғы денгейі - сәуірде, төменгісі - қыркүйекте байқалады. Суының көлемі 35,9 млн.м3.
Сипаты Суы кермек, тұтқыр. Су өсімдіктеріне тапшы. Алабұға, шортан, табан, қарабалық кездеседі.Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5
Дереккөздер
Санат:Бұқар жырау ауданы көлдері