Қазақтың сырт киімдері - ертеде ата-бабаларымыз, әжелеріміз алуан түрлі киім түрлерін тіккен. Олар: тон, ілік тон, күпі, ішік, шекпен, шапан, камзол, кеудеше, аба, тайжақы, кәжекей, белдемше, қырмызы тон, кіреуке, қамқа тон."Таң-Шолпан", 2004, №4, шілде-тамыз
Тон
Тон - иленген қой терісіне жүнін ішіне қаратып тіккен сырт киім. Тонның түрлері көп: жабағы тон, бүрмелі тон, тұлып тон, зерлі тон, жарғақ тон.
Ілік тон Ілік тон - құдалыққа барғанда сыйға тартатын әдемі тон.
Күпі Күпі арасына жүн салып, тасталып тігіледі.
Ішік Ішіктің іш жағынан аңның, малдың терісі салынып, сыртты мақпал, қалың жібек матамен тысталады. Ішік түрлері: түлкі ішік, қасқыр ішік, бұлғын ішік, жанат ішік, қоян ішік, зерлі ішік.
Шекпен Шекпен - жүннен иіріліп, өрмекпен тоқылған сырт киім.
Шапан Шапан - астарына мақта, жүн салынып тігілген немесе астарсыз мақпалдан тігілген сырт киім.
Камзол Камзол - жеңсіз жеңіл киім.
Кеудеше Кеудеше - жас түйенің жүнінен иіріп, не болмаса түбіттен тоқылған жағасыз киім.
Аба Аба - сырт киімнің сртынан киетін жамылғыш.
Тайжақы Тайжақы - құлын немесе тайдың терісіне иленіп, астарланған, көктемде немесе күзде киетін сырт киім.
Кәжекей Кәжекей - жеңсіз, жағасы кеңірек ойылған, етегі белден төмен түсетін келіншектердің сырт киімі.Қазақтың ұлттық киімі.
Белдемше Белдемше - той-думандарда көйлек үстінен киетін сәнді киім. Көбінесе жаңа түскен келіндерге арнап тігіледі.
Қырмызы тон Қырмызы тон - қыз-келіншекткрге арнап қызыл масаптыдан тігілген шапан.
Кіреуке
Кіреуке - алтын тінді зерлі жіппен тігілген, аса қымбат жібек шапан.
Қамқа тон
Қамқа тон- жұмсақ қып иленген қой терісінен тігіледі. Жағасына аң терісі салынады. Қаусырма белдігі бар қымбат та сәнді сырт киім.
Дереккөздер
Санат:Қазақ ұлттық киімдері