Изенді — Қарағанды облысы Нұра ауданындағы ауыл, Кенжарық ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны Құланөтпес өзенінің он жақ жағалауында, Қарағанды қаласының батысынан – 220 км, аудан орталығы – Нұра кентінің оңтүстік-батысынан 89 км жерде ораласқан.

Тарихы Іргесі 1954 жылы қаланған. 1944 жылы округ аумағында «Нұра» кеңшары салынды. 1961 жылдан “Нұра” асыл тұқымды қой өсіретін кеңшардың орталығы болып келді. Оның негізінде 1997 жылдан бірнеше шаруа қожалықтары және “Изенді” акционерлік қоғамы ұйымдасқан. Жерінің жалпы ауданы 122,8 мың га. Шаруашылықтың мамандандырылған негізгі бағыттары - асыл тұқымды қой өсіру болды. 18 шаруа қожалығы құрылған (2006).

Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен828 652 480 73,6 320 244 76,3 332 236 71,1

Инфрақұрылымы Елді мекендерде (Изенді, Кенжарық, Топаркөл ауылдары) мектеп, мәдениет үйі, фельдшерлік пункт, кітапхана басқа да мәдени орталықтар бар. Басқа елді мекендермен автомобиль жолдары арқылы байланысады.Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5

Дереккөздер

Санат:Нұра ауданы елді мекендері