thumb|right|Халел Досмұхамедов Бұрынғы атауы Перспективный көшесі. «Шұбар» тұрғын алабы. Х. Досмұхамедұлы көшесі Атасу көшесінен басталып, Сарайшық көшесінде аяқталады. Р. Қошқарбаев, Ә. Ермеков, Қарашаш көшелерімен қиылысады. Ұзындығы - 1089,8 м.
Халел Досмүхамедұлы - Алаш қозғалысының қайраткері, дәрігер, ұстаз, ғалым. 1894 жылы Орал әскери-реалдық училищесінің даярлық класына қабылданып, оны 1902 жылы үздік бітірген. 1917 жылы Ресейдегі Ақпан төңкерісінен кейін қазақ даласында жалпықазақ сиездерін ұйымдастырып, оны өткізуге ат салысты. 1917 жылы желтоқсанда 2-жалпықазақ сиезінде жарияланған Алашорда үкіметінің -Үлт Кеңесі құрамына сайланды. Алаш қайраткерлерімен бірге бірінші кезекте халықты бүліншіліктен қорғайтын ұлттық әскер - халық милициясын жасақтаұға, Алаш қорын қүрұ ісіне күш сал ды. «Мұрат ақын сөзі», «Исатай - Махамбет», «Аламан» жинақтарын шЫғарды.Астана көшелері /Құрастырушы: Е. Тілешев, О. Сүлейменов. Алматы: 2008. ISBN 9965-32-642-8
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер Астана қаласының жоспар-кестесі анықтамалық онлайн картасы
Санат:Астана көшелері