Ібіжан Рақымжанов (1912-1991), партия-кеңес қызметкері. Арғын тайпасы Қуандық руы Мәмбет бөлімінен шыққан.

Нұра ауданының түлегі. Қазақ т. ж. құрылысын, Ақмола қаласындағы комузды, Қарағандыдағы мұғалімдер институтында оқыған. Еңбек жолын Нұра ауданындағы білім беру бөлімінде инспектор болудан бастаған. Аудандық комсомол комитетінде хатшы, ауаткомда жауапты хатшы,облыстык партия комитетінде нұсқаушы, 1941-1953 ж. Қу, Қарқаралы, Жаңаарка, Ворошилов, Ұлытау аудандық партия комитеттерінің 1-хатшысы. Қарағанды облыстық партия комитетінің хатшысы, Ворошилов, Киров аудандык кенестерінің төрағасы кызметтерін атқарған. Ленин, Еңбек Қызыл Ту, 1-дәрежелі Отан соғысы ордендерінің иегері.Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5

Дереккөздер

Санат:1912 жылы туғандар Санат:1991 жылы қайтыс болғандар