Юрий Кенсоринович ПобедоносцевҚазССР. Қысқаша энциклопедия, 2-том. Алматы - 1987. - Социалистік Еңбек Ері(1966), өнеркәсіп өндірісінің озаты, ҚазССР-інің еңбек сіңірген металлургы. 23 тамыз 1907 жылы қазіргі Свердловск облысы, Туринск қаласында туған.

Еңбек жолдары мен жетістіктері 1928 жылы Уфа орман техникумын бітірді. 1940 жылы Орджоникидзе түсті металлдар институтын бітірді. 1940 жылдан бастап Балқаш кен-металлургия комбинатында смена мастері, шарпу бөлімінің бастығы, технолог-жетекшісі, цех бастығы, бас инженер болып істеді. Совет Одағында тұңғыш рет өнеркәсіптік өнімдері күйдіргенде бөлінетін газдан рений өнімін алудың технологиясы осы комбинатта игерілді. Қытай ауыр өнеркәсіп министрлігіндегі КСРО-ның өкілі.

Наградалары Октябрь революциясы ордені 2 мәрте Еңбек қызылТу ордені Социалистік Еңбек Ері(1966) КСРО Мемлекеттік сыйлықтың екі мәрте лауреаты (1948,1969) Медальдар

Дереккөздер

Дереккөздер

Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006.

Санат:КСРО мемлекеттік сыйлығының иегерлері Санат:1907 жылы туғандар Санат:1987 жылы қайтыс болғандар