Әлия Мұфтаққызы Жантикина (24. 10. 1955 жылы туған, Алматы қаласы) — тіл білімі маманы, филология ғылыми кандидаты (1989). Алматы шеттілдер институтын бітірген (1976). 1976—1979 жылдары осы институттың оқытушысы. 1979—1982 жылдары аспирантурада оқыды. 1982—1992 жылдары Қазақ мемлекеттік а. ш. интында оқытушы. 1992 жылы бастап осы күнге дейін Алматыдағы халықаралық мектепте аудармашы болып қызмет істейді. Профессор Ә. Хасеновтың жетекшілігімен "Қазақтың лексика-фразеологиясының орыс тіліндегі аудармасының ұлттық реңкі" деген тақырыпта кандидаттық диссертацияны қорғады. 10-ға жуық еңбек жариялады.Қазақ тілі. Энциклопедия. Алматы: Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан даму институты, 1998 жыл, 509 бет. ISBN 5-7667-2616-3 Дереккөздер
Санат:Қазақ тілі