Бұрынғы атауы Оренбургский көшесі. Ақан сері көшесі М. Дулатов көшесінен басталып, 12-31 көшесіне айналып, Тілендиев даңғылында аяқталады.А. Суворов, Оқжетпес, Н.(С.) Қожахметов, М. Жәлел, Шақпақ, Фахд бен Абдулла Әзіз көшелерін қиып өтеді. Ұзындығы - 1425,6 м.
Ақан сері Қорамсаұлы (1843-1913) - қазақтың әйгілі ақыны, әнші, композиторы. Ақан сері жас кезінен өнерімен көзге түсіп, кейін ақындық, әншілік өнері кемелденген соң алты алашқа аты мәлім сері атанған. Балуан Шолақ, Жаяу Мұса, Естай, Иманжүсіп, Құлтума сияқты ақын-әншілер Ақан серінің ең жақын достары болған. Олардың бәрі Ақан серінің әншілік өнеріне игі әсер еткен, композиторлық талантын жетілдіріп, шеберлік, суреткерлік талгамын шыңдай түскен. Ақан серінің «Ақтоқты», «Алтыбасар», «Мақпал», «Балқадиша», «Сырымбет», «Майда қоңыр», «Маңмаңгер», «Қараторғай», «Құлагер», т.б. әндері қазақ халқы арасына кеңінен тараған. Серінің өмірі мен тағдыры туралы І. Жансүгіров «Құлагер» поэмасын, Ғ. Мүсірепов «Ақан сері жазды.Астана көшелері /Құрастырушы: Е. Тілешев, О. Сүлейменов. Алматы: 2008. ISBN 9965-32-642-8
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер Астана қаласының жоспар-кестесі анықтамалық онлайн картасы
Санат:Астана көшелері