Атамұра көшесі (Астана) - Бұрынғы атауы Хлебоприемный көшесі. «Промышленный» тұрғын алабы. Атамұра көшесі Шарбақты көшесінен басталып, Шалгөде көшесімен қиылысып, Құлагер көшесінде аяқталады. Ұзындығы - 1268,3 м. Атамұра - әкеден балаға мал-мүлік, жер, қазына, байлық ретінде бөліп берген еншісі. Қазақ қауымында ерте заманнан қалыптасқан бүл дәстүр Қасым хан мен Есім хан дәуірінде ресми заң ережесімен бекітілген. Мал-мүлікті бөлу кезінде әке өсиеті ескеріледі. Ұлт мәдениеті мен дәстүріне қатысты мүліктер де қымбат мұра ретінде қастерлен еді. Астана көшелері /Құрастырушы: Е. Тілешев, О. Сүлейменов. Алматы: 2008. ISBN 9965-32-642-8
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер Астана қаласының жоспар-кестесі анықтамалық онлайн картасы
Санат:Астана көшелері