Яшма тәрізді тау жынысы (яшмоидтар) - Сырт көрінісі және физикалық-химиялық қасиеттері жағынан яшмаға ұқсас кремнийлі тау жынысы; Екі топқа бөлінеді: 1) жаралу тегі жағынан яшмаларға ұқсас, бірақ олардан түсі жағынан өзгешеленетін (қара түсті, түссіз) бастапқы шөгінді Яшма тәрізді тау жынысы.; 2) жаратылысы жағынан әр түрлі тау жынысытардың (іиегінді, магмалық, метаморфтық тау жынысытар) кейін өрбіген процестер салдарынан жаппай кремнийленуі нәтижесінде қалыптасатын туынды Яшма тәрізді тау жынысы
Мұнай және газ геологиясы танымдық және кәсіптік-технологиялық терминдерінің түсіндірме сөздігі. Анықтамалық басылым. — Алматы: 2003 жыл. ISBN 9965-472-27-0 Дереккөздер
Санат:Геология Санат:Мұнай және газ