Состию Түсіндірме сөздіктегі мағынасы — үдірею, оқыраю, ақшию деп берілген. «Әмина состиып, не қыларын білмей, әрі Малдыбайдың түрінен қорқып, босағада тұрып қалды» (Ж. Тәшенов, Қаратас). Сөздің шыққан төркіні — парсы тілі. Онда «сости» тұлғалы сөз бірнеше мағынаны береді: әлсіз, күшсіз; дәрменсіздік, жүдеулік; босаңдық; жасытық, ынжықтық. Осы сөз түркі тілдеріне, оның ішінде қазақ тіліне ауысқанда тұлғасын сол қалпында сақтап, мағынасына — жоғарыда аталған сипаттағы адамдарда болатын — үрейлену, "қорқу, шошыну сияқты өзгерістер енген.Бес жүз бес сөз.— Алматы: Рауан, 1994 жыл. ISBN 5-625-02459-6

Дереккөздер