Сергек, сергу. Алғашқы сөз мағынасы — сақ ұйықтайтын, ал сергу — денесі сергек тарту, жеңілдену деген ұғым беретінін көрсеткен (түсіндірме сөздікте). «Қашанда сергек жататын шешесі есік ашты» (Бал дәурен). «Ұйқысы ашылып, бойы сергіген Сүңгібай айналаға көз қадады (А. Хангелдин, Ғани.). Кейбір тіл деректеріне қарағанда, аталған сөздердің негізі бір сияқты. Сондықтан да бірге, қоса қарастыруды жөн көрдік. моңғол, тунгус-маньчжур тобындағы тілдер дерегіне назар аударғанда, «сергек», «сергу» сөздерінің бізде қолданылып жүрген мағыналарының кейін пайда болғандығын байқау қиын емес. моңғол тілінде біздердегі «ояту», «ояну» деген мағыналарды «сергеге», буряттарда —«сэргээ», Қалмақша —«сергәх» сөздері бере алса, тунгус-маньчжур тобындағы тілдердің көбінде «сэри» тұлғалары түсіндіреді. Осы тілдердің қай-қайсысында болса да көрсетілген дыбыстық құрамдағы сөздердің (сергеге, сэргээ, сергәх, сэри) туынды, ауыспалы мағыналары дәл біздегі сияқты —«ширақ, жеңіл» іспеттес ұғымдарда да қолданыла береді. Сөйтіп, «сергек», «сергу» сөздерінің алғашқы мағынасы ұйқыдан ояну іс-әрекетімен байланыстылығын байқадық. Сөздің тұңғыш тұлғасы мен мағынасы моңғол, тунгус-маньчжур тобында ғана сақталған.Бес жүз бес сөз.— Алматы: Рауан, 1994 жыл. ISBN 5-625-02459-6

Дереккөздер