Қойнауқаттық газ тығыздығы. Нақтылы температура мен қысым жағдайындағы қойнауқаттық; газ массасының оның көлеміне қатынасы. Өзге жағдайлары өзгеріссіз қала отырып, газ құрамындага ауыр құрамбөліктердің өзіндік үлесі артқан сайын қойнауқаттық газ тығыздығы да арта түседі. Қойнауқаттық жағдайдағы газ тығыздығы қалыпты жағдайдағы осы көрсеткіштен әдетте екі-үш есе артық болып келеді.Мұнай және газ геологиясы танымдық және кәсіптік-технологиялық терминдерінің түсіндірме сөздігі. Анықтамалық басылым.- Алматы: 2003. ISBN 9965-472-27-0
Дереккөздер
Санат:Геология Санат:Мұнай және газ