Иван Самсонович Гаврилов (1912-1944), Кеңес Одағының Батыры (1943), аға сержант. Тау-кен өнеркәсібі училищесін бітіріп, Донбастағы Макеевка учаскесіңде бекітуші, десятник, учаске бастығының көмекшісі болды. 1941-1942 жылдары Қарағандыда №12 шахтаның ішкі транспортының бастығы. 1942-1943 жылы Печора көмір бассейнін игеру үшін Воркутаға көмекке жіберідді. 1943 жылы Кеңес Армиясы қатарына шақырылды. Ұлы Отан соғысы кезінде Курск шайқасына қатысты. 38-ші армияның 163 атқыштар дивизиясының құрамында 1943 жылы Днепр өзенінен етуде тұтқиылдан шабуыл жасау тобын бастап, жау орналасқан жерге жасырын бекініп, негізгі күш өзенді алғанға дейін ұстап тұрды. 1944 жылы ұрыста ауыр жарақаттанып қайтыс болды. Орден, медальдармен марапатталған.Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5Айбын. Энциклопедия. / Бас редакторы Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. ISBN 9965-893-73-Х
Дереккөздер
Санат:Қарағанды облысы тұлғалары Санат:Кеңес Одағының батырлары Санат:1912 жылы туғандар Санат:1944 жылы қайтыс болғандар