«Ақ жол» партиясы (ресми атауы — Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясы) — Қазақстандағы ресми түрде тіркелген саяси партиялардың бірі. Партияның төрағасы — Дәния Еспаева. 2026 жылғы парламент сайлауы нәтижесінде Құрылтайдағы 145 мандаттың 8-ін жеңді. Партия мүшелерінің саны 255 800 адамды құрайды (2020 желтоқсан айына).

Тарихы нобай|Әлихан Бәйменов пен Людмила Жуланова|солға 2001 жылдың 18 қарашасында "Қазақстанның демократиялық таңдауы" қозғалысы құрылады. Қозғалысты Мұхтар Әблязов, Ғалымжан Жақиянов, Болат Әбілов, Әлихан Бәйменов, Ораз Жандосов басқарды. Бұлардың көптеген мәселе бойынша көзқарастары сәйкес келмеді, сондықтан соңғы үшеуі қозғалыстан шығып кетті.

2002 жылғы 3 сәуірде Әбілов, Бәйменов, Жандосовтар «Ақ жол» демократиялық партиясының құрылуын жариялап, өздері партияның тең төрағалары болып сайланды. 2003 жылғы 9 қарашада өткен «Ақ жол» ҚДП III құрылтайында тең төраға болып қосымша Людмила Жуланова мен Алтынбек Сәрсенбайұлы сайланды. Уақыт өте келе, тең төрағалар саяси көзқарастары бойынша екі лагерьге бөліне басталды: бір жағынан Әбілов, Жандосов, Сәрсенбайұлы тұрса, екінші жағынан Бәйменов, Жуланова.https://akzhol.kz/partija/

2005 жылы 13 наурызда партияның V құрылтайында «Ақ жолдың» тең төрағалар институтын тарату туралы қаулы қабылданып, бірыңғай төраға болып Әлихан Бәйменов сайланды. Бұған қалған төрағалар келіспей, "Нағыз Ақ Жол" партиясын құрды.https://www.azattyq.org/a/1157565.html

2011 жылғы 2 шілдеде партияның Астанада өткен құрылтайында «Ақ жол» ҚДП төрағасы болып бірауыздан Азат Перуашев сайланды. Перуашев Нұр-Отан партиясынан бұдан бірнеше күн бұрын шықты.

«Ақ жол» ҚДП-ның облыс орталықтарында және Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында 17 филиалы, Жезқазған, Семей қалаларында 2 өкілдігі бар.

Партия мүшелерінің саны 255 800 адамды құрайды (2020 ж. желтоқсан айына), оның ішінде – 64% – ерлер, 36% – әйелдер. Жастар партия санының 11%-ын құрайды.

Қазақстан Республикасының 2002 жылы 15 шілдеде қабылданған «Саяси партиялар туралы» Заңына сәйкес 2002 жылы 12 желтоқсанда Әділет министрлігінде қайта тіркеуден өтті.«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, V том

2026 жылғы 13 маусымда партия төрайымы болып Дәния Еспаева сайланды.Дәния Еспаева "Ақ жол" партиясының жаңа төрайымы болды

Сайлауға қатысуы Президент сайлауы СайлауКандидатыДаусы%Даусы%Нәтижесі1-айналым2-айналым2005Әлихан Бәйменов108 7301,61colspan=2 2019Дәния Еспаева465 7145,05colspan=2 2022Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдады6 456 39281,31colspan=2

Парламент сайлауы Мәжіліс СайлауБасшысыДаусы%Мандаты+/–ПозициясыНәтижесі2004Әлихан Бәйменов572 67212,00% 1 42007183,3463.10% 1 32012Азат Перуашев518 4057,47% 8 22016540 4067,18% 1 22021792 82810,95% 5 22023535 1398,41% 6 4

Құрылтай СайлауБасшысыДаусы%Мандаты+/–ПозициясыНәтижесі2026Дәния Еспаева478 0835,35% 2 4

Дереккөздер

Сілтемелер «АҚ ЖОЛ» партиясының ресми сайты «АҚ ЖОЛ» партиясының Жарғысы «АҚ ЖОЛ» партиясының Бағдарламасы

Санат:Қазақстан саяси партиялары