Көшеге белгілі ағартушы, ғалым-тарихшы, лингвист Біләл Аспандияровтың есімі (Алматы қаласы мәслихаттың 6.03.2008 №83 шешімі мен Алматы қаласы әкімдігінің 14.03.2008 №2/139 қаулысы) берілген. Аспандияров Біләл (1886-1958) Қостанай облысында дүниеге келген. Оның зерттеулері қазақ халқының тарихи-мәдени мұрасына арналған. 40-жылдардың аяғы мен 50-жылдардың бас кезінде прогрессивтік бағыттағы ұлттық мәдениет қайраткерлері қатарында болғандықтан, оның шығармалары сталиндік қуғын-сүргіннің кесірінен жарыққа шықпаған.
Көше Әуезов ауданындағы «Қалқаман-2» шағынауданында орналасқан. Көшенің ұзындығы - 1600 метр.Алматы көшелері. Анықтамалық энциклопедия. – Алматы: “ИП Волошин” баспасы, 2009. ISBN 978-601-7157-18-0
Дереккөздер
Санат:Алматы көшелері