Балмағамбет Аймаханов(1910-1956), кен қопарушы, стахановшы. Жаңаарқаның түлегі.
Жігіт шағында Ащысай, Хантағы комбинаттарында жұмыс істеді. Ұлы Отан соғысы жүріп жатқан кезде Жезқазған кен орнына барып, шахтада кен қопарушы болып жұмысқа орналасады. Жезқазғанда істеген алғашқы күндерден бастап шахта асты жұмысының тәсілін жетік білетін қайратты жас жігіт нормаларын үнемі асыра орындаумен көзге түседі. Біраз уақыт өте келе Жезқазған шахтасы кен қопарушыларының алдына шығып, стахановшы-шахтер атанады. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы сұраныстың артуын азаматтық борышым деп түсінген патриот азамат жауынгерлік вахтаға тұрып, бір сменалық нормасын 4000% орындап, дүниежүзілік рекорд жасайды. Академик Қ.Сәтбаевтың: «Отан соғысы кезінде елу кен қопарушының жұмысын бір өзі атқарып, елу мың тонна мыс рудасын өндірген қазақ батыры Балмағамбет Аймаханов сынды ерлердің өнегелі ісі мәңгі жасайды», деген сөзі осы ризашылықтан туса керек.
Аймаханов 1948 ж. ҚазКСР Жоғарғы Кеңесіне депутат болып сайланды.
Ленин орденімен марапатталған.Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5
Дереккөздер
Санат:1910 жылы туғандар Санат:Жаңаарқа ауданында туғандар Санат:1956 жылы қайтыс болғандар Санат:Кентау тұлғалары Санат:Жезқазған тұлғалары Санат:Қазақстан кеншілері Санат:Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 2-шақырылымының депутаттары Санат:Ленин орденінің иегерлері