Агроқалашық — Қарағанды облысы Абай ауданындағы ауыл, Мичурин ауылдық округінің орталығы.
Географиялық орны Аудан орталығы – Абай қаласынан солтүстік-батысқа қарай 7 км жерде.
Тарихы Іргесі 1973 жылы қаланған.
Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен927 936 856 91,5 481 435 90,4 455 421 92,5
Шаруашылығы, инфрақұрылымы Шаруашылықтың мамандандырылған негізгі бағыттары — картоп пен көкөніс өсіру, қосымша жеміс-жидек және сүт өндіреді. Жерінің жалпы ауданы —7,3 мың га. Округте мәдениет үйі, фельдшер-акушерлік пункт, дәріхана, балабақша, модельдік ауылдық кітапхана, 7 дүкен, полиция уәкілі, амбулатория, пошта, Мичурин негізгі мектебі және Мичурин афарлық-техникалық колледжі бар. Су құбырлары және канализация жұмыс істейді. Агрофирма негізінде «Агро-Арна» ЖШС, 1 қосалқы шаруашылық, 7 жеке шаруа қожалығы құрылған (2006). Ауыл облыс және аудан орталығымен автомобиль жолдары арқылы байланысады. Жақын Қарабас темір жол стансасы 20 км жерде орналасқан.Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5
Дереккөздер
Санат:Абай ауданы (Қарағанды облысы) елді мекендері