Икенов Ахмет Икенұлы Қазақстан Республикасы Ғылыми Энциклопедиясы (10 қазан 1931 жыл, қазіргі Астана қаласы – 2002, Алматы қаласы) – Философиялық ғылыми кандидат, әлеуметтану ғылыми докторы (1992), профессор ҚазМУ-ды (қазіргі ҚазҰУ) бітірген соң Ақмола облысы комсомол комитетінде нұсқаушы, лекторлар тобының меңгерушісі (1955–1959), Қазақстан ЛКЖО ОК-нде нұсқаушы (1959–1960), ҚазМУ-да ассистент (1960–1963), Алматы халық шаруашылығы институтында (1963–1974, қазіргі Қазақ экономикалық университетті) аға оқытушы, доцент, Қазақстан КП ОК-нің үгіт-насихат бөлімінде лектор (1974–1983), Қазақ КСР-і Жоғары және арнаулы орта оқу министрінің орынбасары (1983–1986), Қазақ физкультура институтының проректоры (1987–1988), Алматы жоғары партия мектебі, Алматы педогокикалық университетті және КИМЭП-те доцент, кафедра меңгерушісі (1988–1992), Қазақ мемлекеттік қыздар педогокикалық институтында кафедра меңгерушісі (1992–1994), Қазақ мемлекеттік заң университетті мен Қазақ экономикалық университеттінде кафедра меңгерушісі, профессор (1994–2002) қызметтерін атқарған. «Гуманистический аспект управления научно-техническим процессом» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғаған.
Икенов Ахмет Икенұлы 120-дан астам ғылыми еңбектің авторы. Дереккөздер
Санат:Тұлғалар