Жақыпбаев атындағы көше. Көшеге қазақ өлеңіне нәзік те сырбаз сезімге, сырлы суретке толы, әсем нақышпен өрнектелген қанық бояулы жырлар әкелген біртуар ақын Жұматай Жақыпбаевтың есімі (Алматы қаласы мәслихатының 6.03.2008 №83 шешімі мен Алматы қаласы әкімдігінің 14.03.2008 №2/139 қаулысы) берілген. Жақыпбаев Жұматай (Жұмағұлшора) Сағадиұлы (1945-1990) Алматы облысы Ескелді ауданы Ешкіөлмес ауылында дүниеге келген. Оның «Саратан» (1979), «Ләйлә» (1981), «Шұғынық гүл төркіні» (1988) жыр жинақтарында туған жердің көркем табиғи, сұлулық тебіреніспен жырланған.
Көше Әуезов ауданындағы «Қалқаман-2» шағынауданында орналасқан. Кешенін ұзындығы - 1200 метр.Алматы көшелері. Анықтамалық энциклопедия. – Алматы: “ИП Волошин” баспасы, 2009. ISBN 978-601-7157-18-0
Дереккөздер
Санат:Алматы көшелері