Петр Михайлович ТрухинҚазССР. Қысқаша энциклопедия, 2-том. Алматы - 1987. (1906 -1996) - Социалистік Еңбек Ері (1948), тау-кен инженері. КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1972), техника ғылымының кандидаты (1973). 17 ақпан 1906 жылы Вятск губерниясы (қазіргі Удмурт Республикасы), Малмыж уезі, Большая Уга селосында туған.
Еңбек жолдары 1931 жылы Свердловск тау-кен институтын бітірген. Еңбек жолын Челябинск қаласының теміржол стансасында есепші болудан бастаған. 1931-1935 жылдары Урал кен институтында ғылыми қызметкер болды. 1935-1955 жылдары Челябинск, Свердлов, Пермь облыстарының әр түрлі трестерінде жауапты қызметтер атқарды. 1955-1957 жылдары - КСРО Көмір өнеркәсібі министрінің орынбасары. 1957-1961 жылдары - Челябинск Халық шаруашылығы советі председателінің орынбасары. 1961-1965 жылдары - Целиноград Халық шаруашылығы советінің председателі. 1965-1977 жылдары - "Қарағандыкөмір" өнеркәсібі бірлестігінде басқарма, комбинат бастығы, бас директор. 1977 жылы - Қарағанды көмір ғылыми-зерттеу институтының директоры. 1966-1981 жылдары Қазақстан КП ОК-інің мүшесі болды.
Жетістігі КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1972) Техника ғылымының кандидаты (1973) 4-ші сайлауда РКФСР Жоғарғы Советінің депутаты. 5-9-шы сайлауларда ҚазССР Жоғарғы Советінің депутаты.
Еңбектері 100-ден астам ғылыми еңбек 30 авторлық куәлік 4 монография
Наградалары 3 мәрте Ленин ордені (1943, 1948, 1956) Октябрь революциясы ордені Еңбек Қызыл Ту ордені (1947) Социалистік Еңбек Ері (1948) «Шахтер данқы» кұрмет белгісінің толық иегері Медальдар
Дереккөздер
Дереккөздер
Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006.
Сыртқы сілтемелер Герои страны
Санат:Социалистік еңбек ерлері
Санат:КСРО мемлекеттік сыйлығының иегерлері Санат:Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің депутаттары