Серік Керімбекұлы Қонақбаев (25 қазан 1959 жыл, Павлодар) – боксшы, Мәскеу олимпиадасының күміс жүлдегері (1980), КСРО еңбек сіңірген спорт шебері (1981), Әлем чемпионатының күміс жүлдегері (1982), екі дүркін Еуропа чемпионатының жеңімпазы (1979, 1981), Кеңес Одағының 2 дүркін чемпионы.
Дулат тайпасының Жаныс руынан.
Халықаралық әуесқой бокс ассоциациясы (AIBA) атқарушы комиететінің мүшесі (2010-2014)AIBA Executive Committee 2010-2014, Қазақстан Республикасының Парламент Мәжілісінің II және IV шақырылымдарының депутаты (1999 - 2011), Қазақстан бокс федерациясының төрешілер корпусымен жұмыс жөніндегі вице-президенті Руководство Казахстанской Федерации Бокса
Биографиясы Жамбыл гидромелиоративтік құрылыс институтын (1981), қазіргі Қазақ мемлекеттік спорт және туризм академиясын (1984) бітірген.
Спорттағы мансабы thumb|left|220px|Серік Қонақбаев пен Хосе Агилар 1980 жыл
Бокспен 14 жасынан бастап айналысқан. КСРО халықтары спартакиадасының және КСРО чемпионатының күміс жүлдегері (Мәскеу, 1979), екі мәрте Еуропа чемпионы (ГФР, Кельн, 1979, Финляндия, Тампере, 1981), Әлем кубогінің иегері (АҚШ, Нью-Йорк, 1979), Мәскеуде өткен 22-Олимпиялық ойындардың күміс жүлдегері (1980), Әлем кубогінің иегері (Канада, Монреаль, 1981), Әлем чемпионатының күміс жүлдегері (ГФР, Мюнхен, 1982), КСРО чемпионы (1980, 1984). 1981-87 жылдары бапкерлік жұмыстар атқарды, коммерциялық “Қазақстан” спорт клубының (1990), ҚР кәсіпқой бокс федерациясының (1992-94), ҚР Президенті жанындағы ұлттық спорт қорының президенті (1994-96) болды. 1999 жылдан ҚР Парламентінің Мәжіліс депутаты. Мемлекеттік “Дарын” жастар сыйлығының иегері (1993). thumb|left|220px|Марк Бриланд және Серик Конакбаев 2010 жылы.
Отбасы
Мәскеу олимпиадасында (1980) Кезең Спортшы Мемлекеті Нәтижесі Спортшы Мемлекеті 1/16 Серік Қонақбаев (5:0) Симион Чутов 1/8 Серік Қонақбаев Имре Бакшкай 1/4 Серік Қонақбаев (уақытынан бұрын) Хосе Ангел Молина 1/2 Серік Қонақбаев (4:1) Хосе Агуйлар Финал Серік Қонақбаев (1:4) Патрицио Оливиа
Марапаттар
Дереккөздер
Санат:25 қазанда туғандар Санат:1959 жылы туғандар Санат:Павлодарда туғандар Санат:КСРО боксшылары Санат:КСРО-ның Олимпиада күміс жүлдегерлері Санат:КСРО спорт шеберлері Санат:КСРО чемпиондары Санат:Бокстан Еуропа чемпиондары Санат:Қазақстан Парламенті Мәжiлiсінің депутаттары Санат:Парасат орденінің иегерлері Санат:Құрмет орденінің иегерлері Санат:Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл медалінің иегерлері Санат:Қазақстан Республикасының парламентіне 10 жыл медалінің иегерлері Санат:Ерен еңбегі үшін медалінің (КСРО) иегерлері Санат:Еңбектегі ерлігі үшін медалінің иегерлері Санат:1980 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегерлері Санат:Алфавит бойынша боксшылар